Өлең, жыр, ақындар

Дияр ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1173
Раш әжең сені өсірген аялап,
Көз алдымда алтыншы ауыл сая бақ.
Маңдайыңнан сипау үшін,құлыным,
Барушы едім Жемнен өтіп жаяулап!
Бәрі,бәрі күні кеше сияқты,
Тәңір өзі ақындықты сыйлапты.
Бабалардың ерлігінен жыр өрген,
Ұмытайын қалай сендей тұяқты.
Өз – өзіңе сынмен қарап қашанда,
Қоғам қояр талаптарды қош алда.
Ой санаңды дамытумен ізденіп,
Нық қадаммен тайсалмастан бас алға.
Нәрлі болып өтсін десең өмірің,
Неге арналсаң соны істе,құлыным.
Өз жолыңмен жүре алмасаң тірлікте,
Еңбегің де бермес жеміс ғұмырын.
Жақсылармен болған бірге күн артық,
Әр нәрсеге қызықпа сен құмартып.
Асқар таулар басын имес алдыңда,
Кісіліктің кілтін алсаң жоғалтып.
Қанша дауыл соқса дағы үскірген,
Ақын балам,шығарма сен есіңнен.
Талабыңды қанат қылып ұшпасаң,
Шыға алмайсың нағыз көмбе үстінен.
Ізден,ізден талаптанып жасыңнан,
Ағынсыз су шіріп босқа сасыған.
Нар тәуекел ердің ісі қашанда,
Тәукелмен мұхитты кеш,жас ұлан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл қала

  • 0
  • 0

Қызыл қала, қыз қала,
Шежіреге толы тағдырың.
Өзің жәйлі кең дала,
Тебіреніп айтты мұң.

Толық

Өтежан Нұрғалиев

  • 0
  • 0

Бөлек біткен жаратылыс күмбезі,
Ақындардың ақыны еді ол өзі.
Сыймай кетті кең дүние тар болып,
Әділетсіздікке шоқтай жанып өзегі.

Толық

Кенесары ханның жүрегі

  • 0
  • 0

Ақ сүтін еміп арлы елдің,
Дүниенің ашқан есігін.
Мен қазақтың ханы едім,
Кенесары есімім!

Толық

Қарап көріңіз