Өлең, жыр, ақындар

Ескерткішке

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2412
Сен ғана үнсіз бұл аспанның астында,
Үнсізсің сен, үнсізсің ғой, тас тұлға.
Көп қараумен, жыл легіне – тасқынға
Қартайдың ба, әлде әлі, жассың ба?

Не қарайсың, нені ұғады өз басың,
Өз өмірің, өз дәуренің озғасын.
Сұп-суық тас жанарыңның ұшында
Қайнап-қайнап қатып қапты-ау көз жасың...

Екі-үш ғасыр беріледі пендеге
Бұл заманда, тез өлмекші ер неге?!
Бұзылар ед тас көңілің талқан боп,
Бұл жүректі салып көрсең кеудеңе...

Ажал сені әрі тартты – бермедік,
Табаныңды жапсырдық та жерге нық.
Осыған-ақ риза бол, тұлғаңды
Туған жердің алақанымен тербедік!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орман

  • 0
  • 0

Сыңсиды, сыңсиды ну орман,
Ну орман – баяғы ну орман.
Кей бұта тым кештеу көгеріп,
Кей бұта тым ерте қуарған.

Толық

Орта

  • 0
  • 0

Менің беті-қолымды
Жапырақтың жас сыбдыры дуалы,
Құстың даусы,
Күн шуағы,

Толық

Сымдар

  • 0
  • 0

Аспан тұрды айналаны тұйықтап,
Жалт қарадым – тоқтадым,
Жалап-жалап дүниенің оттарын
Үндемейді жел де, тілі күйіп қап.

Толық

Қарап көріңіз