Өлең, жыр, ақындар

Станислав Ежи Лец

Станислав Ежи Лец — поляк ақыны, сатирик жазушы, философ.


Нақыл сөздері

Мен әдемімін, мықтымын, ақылдымын, мейірімдімін. Бұл жаңалықтың барлығын өзім аштым.

Ілмектер: жаңалық, әдемі, мықты, ақылды, мейірімді Станислав Ежи Лец

Өмірден өткеннен кейін өзіңді өзің де ұмытасың, басқалары туралы айтпай-ақ қояйық.

Ілмектер: өмір, ұмыту Станислав Ежи Лец

Тіпті өмір сүру қауіпті, одан өліп қалуың мүмкін.

Ілмектер: өмір, өмір сүру, қауіп, өлім Станислав Ежи Лец

Ешқандай сағаттың тілі қалай өмір сүру керек екенін көрсетпейді.

Ілмектер: сағат, өмір Станислав Ежи Лец

Жазушыларға кеңес: белгілі бір уақытта жазуды тоқтату керек, тіпті бастамасаң да.

Ілмектер: жазушы, жазу, тоқтау Станислав Ежи Лец

Тереңіне бойлай алмаған жазушы әрдайым бетінде қалқып жүреді.

Ілмектер: жазушы, терең Станислав Ежи Лец

Шығармашылық — суретшінің өз өзінен жасыратын жұмбағы.

Ілмектер: шығармашылық, суретші, жұмбақ Станислав Ежи Лец

Тіпті арманнан да тосап жасауға болады, тек жемістер мен қант қоссаң болды.

Ілмектер: арман, тосап, жеміс, қант Станислав Ежи Лец

Жындының сандырағын айтпа, дұшпандарың тыңдап отыр.

Ілмектер: жынды, сандырақ, дұшпан Станислав Ежи Лец

Жұмаққа табытпен баратының өкінішті.

Ілмектер: жұмақ, табыт, өкініш Станислав Ежи Лец

Бейтанысқа құшағыңды кең ашпа, олар өзіңді керіп қояды.

Ілмектер: бейтаныс, құшақ Станислав Ежи Лец

Маймыл айнадағы бейнесін көріп күлкіге батқанда адам өмірге келді.

Ілмектер: маймыл, адам, күлкі, өмір, бейне, айна Станислав Ежи Лец

«Шығар жолы жоқ» деп біз шығу жолы өзімізге ұнамайтын жайды атаймыз.

Ілмектер: шығу жолы, жол Станислав Ежи Лец

Барлығы жағдайға тәуелді. Ал сол жағдайды да кім басқаратынын білу керек.

Ілмектер: тәуелділік, жағдай Станислав Ежи Лец

Турашылдар! Бұрылыста абай болыңыз.

Ілмектер: турашыл, бұрылыс Станислав Ежи Лец

Сен басыңды қабырғаға соқтың дейік. Ал көрші бөлмедегілерді қайтесің?

Ілмектер: бас, қабырға, көрші, бөлме, адамгершілік Станислав Ежи Лец

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, ал заңды білген адам көп жағдайда жауапқа тартылады.

Ілмектер: заң, жауапкершілік, адам Станислав Ежи Лец

Рұқсатсыз кіре беретін адамдарға өз есігіңді ашпа.

Ілмектер: рұқсат, есік, адам Станислав Ежи Лец

Барлығын өзіңіз үйреніңіз, өмір өзі үйретеді деп күтіп жүрмеңіз.

Ілмектер: өмір, үйрену Станислав Ежи Лец

Нағыз жауың сені ешқашан тастамайды.

Ілмектер: жау Станислав Ежи Лец

Қарап көріңіз