Эссе және өлең-жыр байқауы

Шыңғыс Айтматов

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туылған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.

«Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында (Біздің Мұхтар. - А., 1976) «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері - Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды. Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықар. сыйлықтардың лауреаты.


Туындылары Нақыл сөздері

Мынау пәнидің жалғандығына көзі жеткен ол (Бейбарыс) дүние шыр көбелек айналып,ең соңғы иек қағар сәтінде: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық екен» десе керек.

Ілмектер: ел, сұлтан Шыңғыс Айтматов

Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау.

Ілмектер: тіл, қиянат Шыңғыс Айтматов

Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін — ұлы.

Ілмектер: тіл, халық Шыңғыс Айтматов

Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады да, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.

Ілмектер: еңбек, адам, сұрақ, жауап Шыңғыс Айтматов

Еңбек сүйгіштік — адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.

Ілмектер: еңбек, адам, қасиет Шыңғыс Айтматов