Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (13)

Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат.

Ілмектер: ұят, қиянат Шерхан Мұртаза

Аманатқа қиянат жасама. Құпияға бекем бол.

Ілмектер: аманат, қиянат, құпия, бекем Михаил Лермонтов

Қиянатқа көнбе, әділдікке атса да көн.

Ілмектер: қиянат, әділдік Мұхтар Әуезов

Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.

Ілмектер: адамгершілік, ар, ақыл, адам, қиянат, мақтан, өзімшілдік Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.

Ілмектер: адамгершілік, қиянат, адам, жүрек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қиянат қылма адамға - таза еңбек істе заманға.

Ілмектер: қиянат, еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сіз үшін бәріне дайын адамға қиянат жасамаңыз.

Ілмектер: қиянат, адам Федор Достоевский

Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау.

Ілмектер: тіл, қиянат Шыңғыс Айтматов

Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам.

Ілмектер: адам, қиянат, пейіл, мінез-құлық, мінез Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қанағатсыз билердi қабан деген,
Қамшылатқан жүйрiктi шабан деген.
Бiреудiң ақысына зорлық қылған,
Қиянат қияметте жаман деген.

Ілмектер: зорлық, ақы, афоризм, қанатты сөздер, нақыл, қиянат, қиямет, жаман, қанағатсыздық Ормамбет би

Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін-бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжымақ орнайтын шақ бола ма, жоқ па?..

Ілмектер: Зорлық, қиянат, қанішерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіпбек Аймауытов

Қиянаттан алыс жүр.

Ілмектер: қиянат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат сияқты қылмыстар өше берудің орнына өсе берсе, сол қылмыстардың бәрі де басқарушылардың өз бастарында болғаны!

Ілмектер: Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат, қылмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, басқарушы Ғабит Мүсірепов