Эссе және өлең-жыр байқауы

Виктор Гюго

Виктор Гюго (фр. Victor Marie Hugo) (1802-1885) – дүние жүзіндегі ең көп оқылатын прозашылардың бірі. Ол отандастары үшін ең әуелі өз ұлтының ұлы ақыны, француз өлеңінің, драматургиясының реформаторы, сондай-ақ көсемсөз шебері, публицист-патриот, саясаткер-демократ.


Нақыл сөздері

Күлкі — күн: ол адам жүзінен қысты қуады.

Ілмектер: күлкі, нақыл сөздер Виктор Гюго

Ойшылдың белгілі бір мақсаты болады, ал арманшылдың еш мақсаты болмайды.

Ілмектер: ойшыл, арман, мақсат, нақыл сөздер Виктор Гюго

Кітап жансыз, бірақ шынайы дос.

Ілмектер: кітап, дос Виктор Гюго

Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі және ол өнегелер - адамдарды алға жетелейтін жарығы мол шамшырақтардың бірі.

Ілмектер: ерлік, тарих, өнеге Виктор Гюго

Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады.

Ілмектер: адам, болашақ, ұлы адамдар Виктор Гюго

Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз.

Ілмектер: кітап Виктор Гюго

Нәзіктік атаулының жиынтығы — ананың алақаны, сондықтан да ол — сәби үшін ең жылы ұя.

Ілмектер: нәзіктік, ана, алақан, сәби, ұя Виктор Гюго

Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.

Ілмектер: мейірім, әділ Виктор Гюго