Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (12)

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

Ілмектер: әділдік, әділ, жұрт, оң Әлихан Бөкейханов

Би түзу, билік әділ болсын.

Ілмектер: билік, әділ Әлихан Бөкейханов

Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.

Ілмектер: мейірім, әділ Виктор Гюго

Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да әділ болуына тырысыңыз.

Ілмектер: іс, бағалау, жүрек, әділ Джон Рескин

Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.

Ілмектер: күн, әділ, әділдік, ынтымақ Майқы би

Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса.

Ілмектер: әділ, әділдік, нақыл, афоризм Би-шешендер

Көз құлаққа қарағанда әділ куәлік етеді.

Ілмектер: көз, құлақ, куә, куәгер, әділ, әділет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Егер сiз әдiл болмасаңыз, мұны бiрден шын көңiлмен мойындаңыз

Ілмектер: әділ, көңіл, әділдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Есiңiзде болсын, сұхбаттасыңыз толығымен әдiл болмауы мүмкiн. Бiрақ ол бұлай ойламайды. Оны сөге көрмеңiз, бұл тек ақымақтың тiрлiгi. Оны түсiнуге тырысыңыз. Тек ақылды, кешiрiмдi, сирек кездесетiн адамдар ғана осылай iстейдi.

Ілмектер: әділ, ақыл, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын.

Ілмектер: Қаталдық, әділ, адамгершілік, сезім, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сын ауыр болса кемшіліктерден арыласың, сын әділ болса ауруыңнан жазыласың.

Ілмектер: Сын, сынақ, әділ, кемшілік, ауыр, ауру, туралы Нарша Булгакбаев

Үкіметтің халық алдындағы міндеті – байлықты бір жүйеге келтіріп әділ бөлу.

Ілмектер: Үкімет, халық, міндет, байлық, экономика, жүйе, әділ Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев