Өлең, жыр, ақындар

Ермахан Сағиұлы Ибрайымов (бокс)

Ибрайымов Ермахан Сағиұлы — қазақтың бокстан танымал спорт шебері. 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында дүниеге келген. Бокспен шұғылдануды 1985 жылы Тараз қаласында бастады. Ермахан 1995 және 1999 жылдары Азия чемпионы, 1995 жылы әскерилер арасындағы әлем чемпионы атанды. XXVI Олимпиадалық ойындардың қола жүлдесін иеленді. 1997 және 1998 жылдары Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, XIII Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем кубогінің қола жүлдегері. 1999 жылы Азия құрлығының ең үздік боксшысы атанды. 2000 жылы Австралия астанасы Сидней қаласындағы XXVII Олимпиадалық ойындардың чемпионы болды. Атланта, Сидней қалаларында өткен олимпиадалық ойындарда Қазақстанның туын көтеріп шықты. XXVII Олимпиадалық ойындардағы жеңісі үшін I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз