Өлең, жыр, ақындар

Дене шынықтыру

КІРІСПЕ

Дене шынықтыру - күнделікті өмірде және еңбекте дұрыс режимді сақтай отырып, дене шынықтыру арқылы адам ағзасын жан-жақты жетілдіру [1]. 

Тақырыптың өзектілігі: Дене шынықтыру пәні оқу орындарында стандартты пәндердің қатарына кіреді, бірақ бұл пәннің оқытылу міндеттілігі соңғы кездері талқыға салынуда. Оқытылуы тиісті пәндердің қатары артуына байланысты, негізгі теориялық және ғылыми пәндерге жатпайтын сабақтарды оқу бағдарламасынан алып тастау жүзеге асырылуда. Осы ретте «дене шынықтыру сағатын қысқарту керек пе?» деген орынды сұрақ туындайды. 

Жүргізілген зерттеудің жаңалығы: дене шынықтыру сабағының оқушылардың көңіл-күйіне тигізетін әсерін внықтау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Білім алушылар күнделікті уақыттың көп бөлігін парта жанында өткізетіндіткен, омыртқа жотасының қисаюы, буындарға салмақ түсуі, семіздік сияқты денсаулық ақауларының пайда болу ықтималдығы артады. Бұл жайттың алдын-алу үшін «оқу – тәрбие ісіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжатына сәйкес «мектептерде сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы керек» және «сабақ кестесін құру кезінде кіші жастағы оқушылар үшін негізгі пәндерді музыка, бейнелеу өнері, еңбек, дене шынықтыру сабақтарымен, ал орта және одан жоғары жастағы оқушылар үшін – жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық циклдардағы пәндермен кезектесіп отыру қажет» делінген [2].

Сонымен қатар «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы (27.06.2022 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) мәтінінде:  «студенттер спорты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға дайындауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі»,- деп көрсетілген [5].

Дене тәрбиесі мектепке дейінгі мекемелерден бастап білім беру және тәрбиелеу жүйесіне енгізілген, ол адамдардың дене дайындығының негізін меңгеруді сипаттайды.

Дене тәрбиесі оқушылардың және студенттердің қозғалыс дағдылары мен физикалық қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған пән. Оның маңызды элементтері:

 - гимнастикалық жаттығулар жүйесі және оларды орындау ережелері;

- олардың көмегімен

баланың қимылдарды сараланған басқару қабілеті;

- оларды әртүрлі тәсілдермен үйлестіру қабілетін қалыптастыру;

-кеңістікте қозғалу кезінде күштерді ұтымды пайдалануға арналған жаттығулар жүйесіне машықтану  (жүру, жүгіру, жүзу, конькимен жүгіру, шаңғымен сырғанау және кедергілерді еңсеру, лақтыру, гір көтеру, доп қолданылатын спорт түрлері (волейбол, баскетбол, гандбол, футбол, теннис және т.б.)) [4].

Дене шынықтыру тиімді оқу-меңгеру ісінің алғышарты қызметін атқара отырып, болашақ мамандық иегерінің жалпылыма іскерлік мәдениетінің көрсеткіші және өзін-өзі дамытуға бағытталған мақсат бола алады [3,4].

Студенттер қатысатын дене шынықтыру-спорттық іс-шаралар тиімді жұмыстардың бірі болып табылады. Ол қоғамдық және жеке мүдделерді біріктіру, әлеуметтік қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру механизмдерін жүзеге асырушы құрал бола алады [4].

Осы айтылғандардан бөлек дене қимыл-қозғалысы студенттердің жалпы күйіне,өзін-өзі сезінуіне де әсер етеді.

«Спорт біздің жағдайымызды жақсартады: қандағы кортизолдың, стресс гормонының деңгейін төмендетеді, эндорфиндердің, бақыт гормондарының өндірілуін ынталандырады, осылайша жағымсыз эмоциялардың біздің өмірімізді басқаруына жол бермейді», - дейді психолог  [7].

Зерттеу

Зерттеу 2019 жылы Самара университетінің базасында жүргізілді. Зерттеу нысаны 1-3 курс студенттері болды. Зерттеуге барлығы 524 адам қатысты [8].

Дене шынықтыру сабағына қатысқан студенттерді зерттеу барысында анықталды

- зейіннің оқу процесіне шоғырлануы артады (20 минут үзіліс);

- қозғалыстарды үйлестіру жақсарады (бір уақытта екі доппен 10 минут ойнау);

- қандағы эндорфиндердің деңгейін жоғарылатады (30 минуттық кардио жүктеме);

- денені депрессиямен, күйзеліспен күреседі (зейінді проблемалардан ауыстыру);

- ұйқы жақсарады (көбірек физикалық белсенділік - ұзақ және күшті ұйқы).

Осы Ресей студенттері арасында жүргізілген зерттеуге ұқсас тексеруді өз оқу орнымның студенттері арасында қайталап өткіздім. 

Зерттеуге 50 адам қатысты. Зерттеудің мақсаты дене тәрбиесінің студенттердің көңіл-күйіне әсерін анықтау болды. Респондеттерден дене шынықтыру сабағына қатыспастан бұрын және қатысқаннан кейін бірдей сауалнама алынды. Сауалнамада үш критерий бойынша 5 баллдық шкала берілді:

-көңіл-күйімнің көтеріңкілігі деңгейі;

-шаршау деңгейі;

-сабаққа деген зейін қою деңгейі;

Шкала көрсеткіші үш критерий үшін де келесідей:

1. Өте төмен

2. Төмен

3. Орташа

4. Жақсы

5. Өте жақсы

Нәтижесі төменде көрсетілген:

Дене шынықтыру сабағына дейін: 

- көңіл-күйімнің көтеріңкілігі деңгейі ( Өте төмен – 82%; Орташа - 8%: Жақсы – 10 %);

- әл- қуат, энергия деңгейі (Өте төмен - 73%; Төмен -21 %; Орташа - 6%);

-сабаққа деген зейін қою деңгейі(Өте төмен - 85%; Төмен - 10%;Орташа - 5 %);

Дене шынықтыру сабағынан кейін:

- көңіл-күйімнің көтеріңкілігі деңгейі ( Төмен - 1%; Орташа - 16%; Жақсы - 54%; Өте жақсы – 29%);

- әл- қуат, энергия деңгейі (Өте төмен - 5%; Орташа -15 %; Өте жақсы - 80%);

-сабаққа деген зейін қою деңгейі (Өте төмен - 79%; Төмен - 11%;Орташа – 10 %);

ҚОРЫТЫНДЫ

Дене шынықтыру пәні міндетті пәндердің бірі ретінде оқу бағдарламасы стандартында қалуы қажет. Дене тәрбиесі сағатын өзге пәндердің сағатымен ығыстыру дұрыс емес, себебі бұл сабақ барысында студенттердің денсаулығына, көңіл-күйіне және тәрбиесіне оң әсер ететін шаралар жүргізіледі. Өзім жүргізген тәуелсіз зерттеу нәтижесінде дене шынықтыру сабағының студенттердің әл-қуатын біршама арттыратындығы және көңіл-күйін көтеретіндігі анықталды. Дене тәрбиесінің зейін қоюға тигізетін үлесі оң, бірақ өзге аса қатты білінбейді. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Источник: «Толковый словарь русского языка» под редакцией Д. Н. Ушакова (1935-1940); (электронная версия): Фундаментальная электронная библиотека

2. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V030002478_

3. https://cyberleninka.ru/article/n/zachem-nuzhna-fizkultura-v-shkole/viewer

4. https://miit.ru/content/%D0%A1%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B6%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D0%B5.pdf?id_vf=11283

5. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31576150

6. https://nsportal.ru/ap/library/drugoe/2021/02/18/issledovatelskaya-rabota-na-temu-nuzhna-li-otlichniku-fizicheskaya

7. https://www.psychologies.ru/wellbeing/upravlyat-emotsiyami-s-pomoschyu-sporta/

8. https://cyberleninka.ru/article/n/issledovanie-vliyaniya-sporta-na-mozgovuyu-deyatelnost-studentov

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз