Өлең, жыр, ақындар

Күміс алу

Күміс алу — ұлттық ат ойыны. Ертеде келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға күміс теңге түйіп беретін, оны шабандоз шауып келе жатып жерден іліп алатын. Озып шыққан жігіт беташар айтады. Қазір ипподромда шопан тойларында әр түрлі қашықтыққа бірнеше орамал (бірінші орамал мәреден 50 м, қалғандары 15-20 м жерге) қойылады. Мәреден кезек-кезек шыққан шабандоздардың ең көп орамал ілген жігіт жеңеді. Күміс алу ойынын өткізу үшін аға төреші, мөреші, жол бойында тұратын бақылаушы төрешілер және есепші белгіленеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз