Өлең, жыр, ақындар

Көктем де келер

  • 18.04.2015
  • 1
  • 8
  • 43996
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгереді ауылдың төңірегі.
Ерте кеткен досымның қабірі тұр,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Барлық нұрын көл-көсір төгер енді.
Сағынышын сарыққан, жапа-жалғыз,
Менің жесір жеңгеме не береді?
Көгереді ..
Барлығы көгереді:
Ой да, қыр да, даланың төбелері.
Әлі құрып баратқан ауру досқа,
Осы көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келіп қалар,
Есінетіп, есіртіп, ерікті алар.
Азан-қазан аспанның қоңырауы,
Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар...



Пікірлер (8)

Еркенур

Жақсы өлең

Карлыгаш

Керемет

Алтынай

Күшті өлең

Жақсыбек

күшті өлең

Сара

Көктем де келер маған ұнады

Айша

Мұқағали Мақатаевтың Көктем де келер өлеңі ұнады

Қалдыбек Айару 5 А сынып

Күшті өлең екен.
Мен ол өлеңді міндетті түрде жаттайтын боламын.

Пікір қалдырыңыз

Кейіме, інім

  • 1
  • 2

Кейіме, інім,
Сен тартқан мұңды мен емгем,
Кеткенмін сосын,
Өзімді-өзім жебеумен.

Толық

Соқ, жүрек!

  • 1
  • 7

Қалай-қалай соғады, қан-жүрегім?!
Соғасың, әлі өмірің бар білемін.
Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой.
Бұл тірлікте құм арым қанды менің.

Толық

Жүрегім менің - жанартау

  • 0
  • 5

Жүрегім менің - жанартау,
Жалын боп шығар от-демім.
Келем деп қамсыз, самарқау,
Өртеніп, қалқам, кетпегін.

Толық

Қарап көріңіз