Өлең, жыр, ақындар

Кейіме, інім

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 19468
Кейіме, інім,
Сен тартқан мұңды мен емгем,
Кеткенмін сосын,
Өзімді-өзім жебеумен.
Анамыз жомарт,
Бабамыз жомарт дегенмен,
Жыламай жатсақ,
Жарылқап, емшек берер ме.
Кейіме, інім,
Кездескен мұңға алғашқы,
Кесірлі шақтың болмасын тіле алды ащы.
Қып-қызыл шоқтан суырып алып зергерлер,
Салмай ма суға сертке ұстар семсер-алмасты.
Кейіме, інім,
Керемет күндер алдыңда.
Кемсіне берме,
Керенау тартса, тағдырға.
Сүрініп кетсең, қарғып тұр қайта, даярлан
Кедергілерден екінші рет қарғуға.
Келіпсің інім,
Кеңесіп қайттың көктемде.
Кейітпес едім,
Болмады билік тек менде.
Жұлмалап, тонаи, қалдырып мені шеткеріге,
Жымысқы-уайым жылысып саған жеткен бе?!



Пікірлер (2)

ен биринши бакытым Халкым менин

оте куши

Пікір қалдырыңыз

Ілініп түн тұр тауларға

  • 1
  • 4

Ілініп түн тұр тауларға,
Дамылдап тірлік қалған ба?!
Алыстан оттар жанады
Жай таппай мына жалғанда,

Толық

Қасқырға

  • 1
  • 2

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?

Толық

Емен көрдім

  • 0
  • 1

Луизианда емен көрдім,
Бұтағынан мүк салбырап,
далада тур серіксіз,
Күңіренткен жапырағы сылдырайды еріксіз.

Толық

Қарап көріңіз