Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Бақыт, бақытсыздық, күнә туралы мақалдар

Қостанай ауданы
Мичурин орта мектебінің
6–сынып оқушысы
Қуан Дариға

 

1. Жарлының жалғыз қозысын қасқыр жейді.

2. Сорлыға сойылдың жуан басы тиер.

3. Бұлт қайда қонса,

Береке сонда шөгеді.

4. Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды.

5. Жазым болса, быламыққа тіс сынар.

6. Жаманшылық пен жақсылық егіз.

7. Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады.

8. Айтқанда ауыз жаман,

Жылағанда көз жаман.

9. Бағы тайған адамды түйе үстінен ит қабар.

10. Бақ қонатын адамның ұлы епті, қызы көрікті болады.

11. Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.

12. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр,

Жерге жауған нұр.

13. Жетім қозы  түртіншек.

14. Бұл дүниенің құсасы,

Ол дүниеге кетпейді.

15.Өз мінін білген өзгеге төрелік береді.

16. Күріш арқасымен күрмек су ішер.

17. Басыңа бақ қонғанда,

Елден асқан данасың.

Басыңнан бақ тайғанда,

Қалыбыңа барарсың.

18. Қас жақсының белгісі,

Қайғысын жұртқа білгізбес.

19. Ақсақ түйенің аузына

Жел айдаған қаңбақ түсер.

20. Аспаннан іздегенім аяғымның астынан шықты.

21. Жапалақты тасқа ұрсаң да, жапалақ өледі.

Таспен жапалақты ұрсаң да,

Жапалақ өледі.

22. Жерге түскен жетімдікі.

23. Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.

24. Құдай бергенге құлай береді.

25. Қайғыны қайраткер жеңеді.

26. Қойдан қалған қозы қасқырға тап болады.

27. Ел қонысынан айырылса,

Ел ырысынан айырылады.

28. Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама.

29. Таршылық болмай кеңшілік болмайды.

30. Батар күннің атар таңы бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...