Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл!

Мерейтойлық жиынға ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, мемлекет және қоғам қайраткерлері, университет ардагерлері мен түлектері, оқытушылар, білім алушы жастар және БАҚ өкілдері қатысты.        

Құрметті қонақтар үшін университет тарихына арналған сирек фотосуреттер мен кітаптардың, ардагер оқытушылар портреттерінің көрмелері, сондай-ақ университеттің 90 жылдығына арналған ғылыми еңбектер мен тарихи кітаптардың экспозициясы ұсынылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихы мен қызметі туралы деректі фильм көрсетілді. 

Ашылу салтанатында ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев шараға келген қонақтарды, барша ұжымды университеттің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, сөз сөйледі.

Бұл мерейлі белеске университет үлкен табыстармен жетті. ҚазҰУ халықаралық QS рейтингінде 230-орында. QS Asia университеттері рейтингі бойынша 29-шы сатыда. 90 жылдық тарихы бар университетте 3354 оқытушы-профессор табысты еңбек етуде. Оның ішінде 11 ҚР ҰҒА академигі, ҚР Жоғары мектебінің үш академигі, ҚР Жоғары мектебі Ғылым академиясының ­сегіз академигі, жеті ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі бар. Сондай-ақ 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD жұмыс істейді. Биыл 32 оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев профессор Ержан Жатқанбаевқа «Әл-Фараби» үлкен алтын медалін табыс етті. Күміс медальмен профессорлар: Григорий Мун, Зухра Исмағамбетова, Айгүл Рамазан марапатталды. Сондай-ақ ректор көптеген  оқытушыға ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.          

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Тарих факультетінің 2 курс магистранты Шайдозым Н.Д.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз