Эссе және өлең-жыр байқауы

Әмір Темірдің қайтыс болуы

Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқандта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған.

Әмір темірдің кесенесі

Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай, атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.

Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл тарихшылардың айтуынша Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Құсмила

Ақсақ Темірді Самарқандық өзбек наймандар Дурман найманның Барлас атасынан тарайды дейтінін өз ауыздарынан естідім. бу найман қайда жоқ?

Махут

Әмір Темір секілді адамды кім өзіне тартпайды.Бырақ ешкім Әмір Темірді Ұлықбектен артық білмейді.Ұлықбектің "Төрт Ұлыс тарихы" атты кітабы бар сол кітапты оқу керек.Ал Найманға келер болсақ Наймандар Алтай маңының халқы.Орталық Азияға үркіншілік заманда келген болуы керек.Себебі әр жерде бөлек бөлек болып жүреді.

Ержан Жұмабек

Жақсы жазылған екен. Дегенмен, əлі толықтыруды қажет етеді.

Нұрланбек Төлеген

мәтін қандай стиль

Акерке

Жаксы жазылган дегенмен неге аксак болганы баска деректерде баскаша

ақылбек

тарихта аты қалған тулға емес пе

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...