Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың алғашқы дипломаты - Нәзір Төреқұлов

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, елші, ғалым — Төреқұлов Нәзір

Кейіпкеріміздің өмірбаяны 1892 жылы Қоқанда басталады. Нәзір аумақтағы ең дәулетті отбасылардың бірінде дүниеге келді. Негізі балалық шағы туралы аса көп дерек таппадым. Деректердің көбісі Нәзірдің оқуымен байланысқан. Тұнғыш білімін ол Қоқандағы жәдід мектебінде, діңи бағытта ашады, бұл анасының қалауы еді. Әкесі керісінше Еуропалық өмір салтың қалаған болатың, сондықтан жәдідтік мектепте білім алған соң, әкесі оны екі жылдық орыс мектебіне береді.

1913 жылы Нәзір Мәскеудегі коммерция институтына оқуға түскен. Алайда ол оқуын бітіре алмады. 1914 жылы басталған Дүниежүзілік соғыс тарихтағы ең сұмдық соғыс ретінде қалыптасты. Осы соғыс біздің кейіпкерімізге де тиген болатын. 1916 жылғы Патша жарлығымен ол майдандағы қара жұмысқа өз қалауымен кетеді. Майданда жүріп, Нәзірдің біріңші саяси қасиеттері қалыптасады. Ол жерлестерімен бірге «Еркін дала» атты асыртын ұйымын құрады. Бұл ұйымның басты мақсаты — көмекке зәру жерлестерінің мұн-мұқтажын дер кезінде өтеу.

«Нәзір өзінің білімін Мәскеу коммерциялық институтында жалғастырды. Бұл жерде оған француз және неміс сияқты Еуропа тілдерін тереңірек білуге мүмкіндік туды. Төреқұлов оларға қоса түрік тілін де білді. Осылайша ол кәсіпқой дипломаттың табысты жұмыс істеуіне аса қажет қасиет иесі — нағыз полиглот болды. 1914 жылы бұрқ ете түскен Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейінгі аласапыранды оқиғалар балам коммерсанттық жолды таңдайды деген Нәзірдің әкесінің үмітін біржолата үзді. 1917 жылғы Қазаннан кейін және Орталық Азияда жаңа өкімет орнағаннан бастап, таптық күресте біршама шыңдалып, тәжірибе жинақтаған Төреқұловтың саяси қызмет мансабына кең мүмкіндіктер ашылды» деп жазады Тайыр Мансұров.

1918 жылы майданнан аман есен оралған соң, Нәзір большевиктерінің қатарына қосылады. Онымен қоса, осы жылы Нәзір Төреқұловтың публицисттік жолы басталады. 16 сәуірден бастап, Орныборда, өзінің редаторлығымен, ол «Қазақ мұны» атты газет шығара бастайды. Газеттің алғашқы саны 1918 жылы 21 наурызда Орынборда жарық көрді. Осы тұста “Қазақ” газет алашордашыл басылым деген айыппен жабылып, баспаханасы тәркіленді. Оның орнына “Қазақ мәселесі” мен “Известия ” шығарылсын деген қаулы қабылданған. Газеттің бірінші нөмірінде Ә.Жангелдиннің кеңестердің облыстық съезін ашардағы сөзі толық берілді. “Қазақ мәселесі” большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан. Онымен қоса ол Қоқаннан «Халық газеті» және «Инклоб» (Революция) журналдарын шығаруға атсалысты.

Бірақ та, Нәзір Төреқұловтың басты кәсібі дипломат маман. 1922 жылда ол Мәскеуге шақырту алып, бүкілодақтық жұмыстарға белсене тартылды. 1922-28 жылдар аралығында КСРО халықтары Орталық баспасы басқарылымының төрағасы болды. Осындай халықаралық қызметке тұруға, Төреқұловқа оның полиглоттық шеберлігі көмектесті. Сегіз тіл білу әр адамның қолынан келмейді.

Мәскеуде жүріп, Нәзір НКИД (сыртқы істер комиссарияты) резервіне түседі. НКИД басшылығы оны Сауд Аравиясының өкілетті өкілі етіп тағайындау туралы мәселе талқылағанда, басшылық ВКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Сталинге хат жазады. Осы хатта Нәзірдің діңге деген үлкен құрметі, білімі, полиглоттық қасиеттері туралы жазылған соң, Йосиф Виссарионович бұл ұсынысты қолдады. Сөйтіп, 1927 жылдың желтоқсаныңда Нәзір Төреқұлов өкілетті өкіл болып тағайындалады.

Арабтармен осындай керемет байланыс орнатуға Нәзірге Араб тілінің білімі және де Исламға үлкен құрметі көмектесті. Сауд мемлекетінің өкілі болып ол сегіз жыл қызмет атқарған. Осы қызметін ол тоқтатуға мәжбүр болды, себебі КСРО-ның таяу шығысқа деген қызығушылығы төмендеді, сол кездегі саясат Батысқа қарады. Соңдықтан екі ел арасындағы байланыс тоқырады.

Содан кейін Төреқұлов Мәскеудегі Институттарда қызмет етіп, өкінішке орай 1937 репрессия құрбаны болды. Нәзірді Түркия тыншысы деп көріп, халық жауы деген айып тағылды. Осылайша 1937 жылы ол ату жазасына жіберілді...

 

АСАУБЕКОВ Али

ҚазҰУ 1-ші курс студенті

Ғылыми жетекшісі

Фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз