Өлең, жыр, ақындар

Месси 2015 жылдың Алтын доп иегері

Швейцарияның Цюрих қаласында өткен “Алтын допты“ ұсыну рәсімінде талантты аргентиналық футболшы 5-ші рет әлемнің ең үздік футболшысы атанды. Бұл таласта Лионель Месси португалиялық Роналду мен өзінің клубтасы Неймарды басып озды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін футболшы 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары осы бәсекеде қарсыластарын шаң қаптырып кеткен болатын. 2015 жыл Месси үшін өте сәтті жыл болды. Ол Барселона командасымен 5 халықаралық және ұлттық чемпионатта топ жарды. Өзінің қатысқан барлық турнирлерде гол соғып, өзіндік рекорд орнатты. Сондай-ақ, қыздар арасында америкалық Карли Ллойд үздіктер қатарынан көрінсе, испандық Барселонаның жаттықтырушысы Луис Энрике жылдың ең үздік бапкері деп танылды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Месси

Месси супер

Роналду

Месси, қашан қоясың өзіңді мақтағаныңды?))

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз