Өлең, жыр, ақындар

Денсаулық – зор байлық

Дені саудың-жаны сау! Денсаулығыңыз мазалап жүрсе, ертеңгі күнге қалдырмай, дәрігерге барған жөн. Себебі дереу ем қабылдай бастайсыз. Алайда ауыратынын білседе ем қабылдауға сол кезде емес, айлар, жылдар өткесін баратыны әр қазақтың қанында бар-ау. Ағзаңыз қалыпты жұмыс жасағанын қаласаңыз, мына кеңестерге назар аударыңыз!

Спортпен шұғылданыңыз. Арнайы спорт залына бармай-ақ,теледидардан таңертеңгілік бағдарламамен бірге жаттығу жасаңыз. Қозғалыста болыңыз. Жұмысыңыз кеңседе немесе ғаламтормен байланысты болса он минут көз, қол жаттығуын жасап,өзіңізді сергек сезініңіз. Міндетті түрде таза ауамен тыныстаңыз. Өйткені, бөлмедегі ауа кері әсерін беруі мүмкін. Далада  серуендеп, жай ғана жүгірсеңізде денсаулығыңызға көп көмегін тигізеді.

Дұрыс тамақтану. Көпшілік адам ертесімен жұмысқа,оқуға асығып тамақтану ережесін бұзады. Әр адам күніне екі литр су ішкені жөн. Су-ағзаның дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі. Таңғы асқа жеңіл тағамдар,яғни тез қорытылатын тағам жақсы. Қайда жүрсеңізде, жеңіл жүресіз. Содан соң, екі-үш сағаттан соң ағзаңызға қажетті дәрумендерден тұратын жеміс-жидек жегеніңіз дұрыс. Түскі ас тойымды болсын. Бірақ,асқазаныңызға әсер ететіндей емес. Яғни,қозғалысқа кері әсер етпеуі тиіс. Көп ұйықтамаңыз. Ұйқы артық салмақ жиналуына,тәтті тағамдар қандағы қанттың жоғарлауына әкеп соқтыруы мүмкін. Тәулігіне төрт, бес рет аз-аздан тамақтанған абзал.

Көңіл-күй. Егер мұңайып, біреуге ренжіп,жолыңыз болмай күйзеліске түссеңіз денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Ал,сіздің көңіл-күйіңіз керемет, жүзіңіз жадырап, күлімдеп жүрсеңіз ауру-сырқау сізден алыс жүреді. Қанша ауырсаңызда ерекше көңіл-күйге сізге сездірмейді. Себебі, сыртқы келбетіңізде, ішкі жан дүниеңізде өмірге риза. Көңілді жүруге, сәл нәрсені көңіліңізге жақын алмауға, өкпе ренішті тез ұмытуға тырысыңыз. Ашу-ыза жүйкеңізге әсер ететінін ұмытпаңыз.    

Шығарма, эсселер:

Спорт – денсаулық кепілі

Жастарға Үндеу

Болашақ жастардын қолында

Адамзатқа берілген аманат

Әуелгі байлық - денсаулық

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние

Назар аудар:

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

Денсаулық, тазалық, ауру туралы мақал-мәтелдер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз