Өлең, жыр, ақындар

Еліміздің жүз жыл бұрыңғы көрінісі

Жүз жыл бұрынғы халқымыздың жағдайы

ХХ ғасыр Қазақ халқының тарихындағы ең қиын ғасырлардың бірі. Ресей империясының қатал қолы астында өмір сүріп, халықтын әр күні өмірге емес, жазаға ұқсаған. Осындай уақытта халық ұйықтап қалғандай, орыстардың қол астында өмір сүре беріп жүрген-ді. Мен оларды кіңәлай алмаймын, орысқа қарсы шықсан, түбі немен бітетінің білеміз . Мірғақыптың және Ахметтің тағдыры есімізде.

Ешқандай жазаға қарамай, қорқыныштың бетің жолдан алып тастап, біздің қоғам қайраткерлеріміз халықты оятуға тырысқан. Қолдарынан келгенше, қолдарында бар болған мүмкіндіктерімен, олар күші тең емес, әділетсіз шайқасқа шыққан болатын.

Далада ХХ ғасырдың басы, сол кездегі идеялогиялық шайқасты жүргізудің басты түрі – журнал, газеттер, листовкалар. Газет ол сол кездегі информацияның немесе пропаганданың басты хатшысы, халықтың басына апарар есік – газет. Әлбетте осы тәсілді бабаларымыз қолдаңған болатын, және де осы мақалада мен «Айқап» гезетіңдегі 1911 жылы жарық көрген мақаланы сізге көрсеткім келеді.

Жалпы «Айқап» газетінде әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілгенімен, газеттің басты мақсаты қазақ қоғамының санасын ояту болған.

Осы сананы ояту үшін жазылған бір мақаланың бірі – «Ау қазақ». Авторы Қажы Досмайыл Қашқымбайұлы

Мақаланың басында автор қазақтардың өзара бөлінісу проблемасын қозғайды. «Үш жүз баласы екеніміз рас, сонан басқа білгеніміз барма?», деген сөздерден кейін автор бірден жер мәселесіне көшіп «Жер жыл сайын азайып, хахолдарға өлшеніп беріліп жатыр.»

Қазіргі заманның өзінде, біз қазақтар үнемі «сен қай жүзсін?» деген сұрақтармен белгілі бір адамға қатысты көзқарасымызды түзесек, өткен ғасырда осындай дүние бар болғанына еш күмәнім жоқ, ал жер мәселесі болса, ол біз үшін әрқашан актуалды жайт.  Ресей үшін біздің жеріміз Орта Азияға апарар алтын кілт болып саналады, сондықтан орыстардың біздің жерімізге қарауы таңғалдырар ақпарат емес. Солтүстік жеріміздегі Орал, Павлодар қалаларымызға қарайтын, бірнеше ғасыр бойы біздің орталық болған Орынбор қаламызды тартып алған адамдардан не күтеміз? – деген сұрақпен жер мәселесі туралы сөзімізді аяқтай салайын, бұл бәрімізге түсінікті дүние.

Автордың келесі сөзі – саясат. Нақтырақ Думаға жіберілетін қазақтар мәселесі. Осы абзацтағы басты цитата – «Не пайда? Барса да, жұрттың тілегін орнына келтіре алмайды!» Менің ойымша бұл сөз бостандығының жоқтығына жазылған мәселе. Қазақтар думаға барса да, сөздері айтылмай қалады, ал айтылған жағдайда, орыстар оны «Империяның қас жауы» деген атақпен, сөздің авторын конц. лагерьге жіберіп қояды. Осылайша қарапайым жұрттың проблемалары шешілмей қалып, жағдай нашарлайды.

Мақала соңы «Енді қазақ бұрындай айақты мал жәйін іздегенше, келешектегі нәсіл-ныспың жәйін іздемек керек еді. Көшпешілікті тастап, қала салу қамын ойлап, білім-өнер іздену керек еді.»

Әлем жыл, ай, күн сайын өзгеріп тұрады, сондықтан автор өз халқың өмір салтын өзгертіп, жаңа белестерді бағындыруға шақырады.

Жүз жыл бұрың еліміздегі жағдай осындай болатын. Газеттердің көмегімен біз оыслайша жүз жылға артқа барып, сол кездегі еліміздің жағдайын біле аламыз.

Али АСАУБЕКОВ ҚазҰУ-дың 1 курс студенті

Ғылыми жетекшісі : фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз