Өлең, жыр, ақындар

Әуелгі байлық - денсаулық

Денсаулық – адамзат баласы үшін ең қымбат байлық. Оны ақшаға айырбастау мүмкін емес. Денсаулық бұл – адамға табиғаттың берген ең үлкен құндылығы.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

Халқымыз «Дені саудың – жаны сау», - деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық– бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет.Денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстанған жөн. Осы ретте “Айқап” журналында жарық көрген “Әуелгі байлық – денсаулық” мақалада салауатты өмір салты баяндалып, ең алдымен тазалық сақтау туралы кеңес береді.

Расында, тазалықтан басталған іс соңында жақсы нәтижені көрсетері сөзсіз. Тазалық – денсаулық кепілі демекші мақалада деннің саулығы үшін қандай тазалық керек? Ол тазалық болмаса қандай залал болмақшы? сынды сұрақтарға жауап табамыз.

Әуелгі байлық – денсаулық дегендей, мақалада оқырманға ой саларлықтай көптеген пайдалы кеңес айтылады. Ал оны зер салып, оқыған әрбір жан өз керегін табары анық.

Жансая ӘРЕДЖАН, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева


Пікірлер (1)

Ғани

қатты ұнады керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз