Өлең, жыр, ақындар

Әлем әдебиетінен әр адам оқу керек 3 кітап!

Адамзат баласының білім қазынасы-кітап. Кітап оқу адам үшін жан-жақты дамуға мүмкіндік. Кітап оқығанның көп пайдасы бар. Мысалы, адам креативті ойлауға машықтанады, кітап стресс деңгейін төмендетеді, сөздік қорды көбейтеді. Басқасы басқа, бірақ кітаптан келетін ілім мүлде бөлек. Осыған орай әрбір адам оқу керек әлем әдебиетінен 3 кітапты ұсынамыз.

1. Сомерсет Моэм “Театр” 1937.

Роман орта жастағы театр актрисасы Джулия жайлы. Оның өмірінде түрлі оқиғалар орын алды. Сол орайда басты кейіпкер өз-өзін жоғалтып алуға шақ қалған еді. Өмірде де небір рөлді сомдап жүреді. Бірақ шығарма соңында Джулия өз-өзімен, жанындағы адамдармен шынайы болуды үйренеді. 

2.   Эрих Мария Ремарк “Лиссабондағы түн” 1962.

“Лиссабондағы түн”-трагедиялық роман. Романда екі жолаушы кезігеді. Олардың бірі Америкаға екі пароход билетін іздесе, екіншісі өміріндегі болған оқиғамен бөлісетін адамды іздеді. Автор осы екі кейіпкер арқылы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі халық басынан кешірген қайғы-қасіретті көрсетеді.

3. Эрих Мария Ремарк “Жизнь взаймы” 1959.

Өмірде небір адам бар. Біреу өмір мен өлім арасында тұрып, оны танымай кетсе, екіншісі одан түңілген. Автор осындай екі адамды кездестіріп, өмір құндылығын көрсетеді. Бұдан бөлек, шығармада қозғалатын тақырыптар:өшпес махаббат пен шынайы достық. Ремарк оларды қатар ұстап, өмірдің қандай бағалы, әрі керемет екенін оқырмағанға жеткізуге тырысқан.

Доскелди Жанерке


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Назерке

Пайдалы ақпарат үшін рақмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз