Өлең, жыр, ақындар

Тарих — жарқын болашақ кепілі

Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан соң, білімімді одан әрі шыңдай түсу мақсатында, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу, яғни магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруға шешім қабылдадым. Магистратураға түсушілерге арналған кешенді тестілеу тапсырып, жоғары бал жинадым. Грант нәтижесі шыққан соң, еліміздегі ЖОО  танысып қарап шықтым. Соңғы таңдауым  әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ болды. Себебі ЖОО-ның елімздегі, әлемдегі университеттер арасындағы рейтінгісі, білім алушыларға жасалған мүмкіншіліктері өте көп болды. Тарих мамандығы бойынша білімімді шыңдайтын болған соң, университеттің тарих факультетін таңдадым. Тарих факультеті 70 жылдан көп уақыттан бері,  тарих саласындағы мамандарды білім нәрімен сусындатып келеді. Қазіргі таңда үш кафедра: Қазақстан тарихы, археология, этнология және музеология, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедралары жұмыс істейді. Кафедраларда 125-ке жуық профессор-оқытушылар құрамы 800-ге жуық студент, магистранттар және докторанттарға заманауи талаптарға сай білім беру бағдарламалары бойын ша білім беруде. Тарих факультеті шетелдік жоғары оқу орындарымен білім алмасуға мүмкіндік береді, қазіргі таңда 20-дан аса ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық қарым- қатынастар орнатылған.  Факультетте Т.О. Омарбековтің, Қ.Т. Жұмағұловтың, Б.Б. Карибаевтың, В. Зайберттің, Қ.С. Қаражанның, Ж.Қ. Таймағамбетовтің, Қ.М. Атабаевтың, У.Х. Шәлекеновтің, Ә.Т. Төлеубаевтың ғылыми мектептері қалыптасып, жұмыс істеуде. (факультет туралы ақпарат https://www.kaznu.kz/kz/354 сайттынан алынды )

Сапалы білім алып, мансап жолын табысты құрып, жарқын болашақты қаласаң ҚазҰУ- дың тарих факультетін таңда! 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих мамандығының 2 курс магистранты Жаңабаева Айдана Жалғасқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз