Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіндегі дуальды білім беру жүйесі

Еліміздегі дуальді оқытуды ұйымдастыру — практикалық және теориялық компоненттерді бойына интеграциялаған маман даярлаудың жаңа әдісі. Дуальді оқыту жүйесінің мақсаты — заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, өндіріс, мекемелермен серіктес бола алатын жаңашылдыққа жаны бейім маман даярлау. Алғашқы жұмыс күнінен бастап еңбекке толықтай кірісіп, жұмысты кәсіби деңгейде орындай алатын еңбеккерлер қатарын толықтыру.

Дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту  туралы заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілді. Аталған заңға сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қызмет атқаруда. Нақтылап айтар болсақ:2022 жылдың қыркүйек айынын бастап Тарих факультеті мен №181 Алматы қалалық жалпы білім беретін мектеп арасында білім берудің дуальді жүйесі орнатылды. Осы мақсатта «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің әдістемелік кабинеті» ашылды. 2022-2023 оқу жылдарында 7М01601 — «Тарих» мамандығының 1 курс магистранттары «оқытушы-тарихшының методикалық құзыреттіліктері» атты пәні негізінде практикалық білім алды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих мамандығының 2 курс магистранты Жаңабаева Айдана Жалғасқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз