Өлең, жыр, ақындар

Pinduoduo сайты туралы не білесің?

Әлеуметтік желілерді қолданатын болсаңыз, ”Pinduoduo” сайты жайлы естіген боларсыз. Бұл сайт Қазақстандағы”Kaspi. kz”қосымшасына ұқсас. Қытай Республикасының танымал сайтының бірі”Pinduoduo” болып табылады. Бұл желіні білмеген, түсінбеген адамдарда өзекті сұрақтар топтамасы болуы мүмкін. Өзекті сұрақтардың бірі:”Pinduoduo”желісі қандай сайт?, ”Pinduoduo”желісінің бізге берер пайдасы қандай?-деген өзекті сұрақтарыңыз болар. ”Pinduoduo”сайтына қызыққан оқырмандарына, ”Pinduoduo”желісінің қандай екенін тоқталсам.

Pinduoduo-Қытай Республикасының танымал сайты және компаниясы болып табылады. Бұл сайт арқылы өзімізге төмен бағада және сапалы заттар, бұйымдар, киім-кешектер бере аламыз. Тапсырыс берушілердің көбі, еліміздегі тұрмыстық заттардың, киім-кешектердің бағасы тым қымбат болған соң, ”Pinduoduo”сайтына жүгінеді. Pinduoduo сайтының ерекшелігі барлық заттардың төмен бағада болғанымен қатар, сапалы нәтижеде жеткізуі. Бұл сайт Қазақстанға келгелі, сайт қолданушыларының саны артқан. Ендігі кезекте, ”Pinduoduo” сайтынан қалай тапсырыс беруге болатынын бөліссем.

Қазіргі кезде “pinduoduo” желісін “Coodle play” немесе “App Star” жүктемелерінен таба алмаймыз. Себебі:ол желілерде “pinduoduo” сайтына ұқсас Қытай сайттары бар. ”Pinduoduo” желісін гуголдан жүктеп алып, өзіңіздің нөмеріңізді тіркейсіз. Ең маңызды дүние тауар келетін мекен-мекен-жайыңызды дұрыс жазуды ұмытпаңыз. Егерде дұрыс жазбасаңыз тапсырысыңыз келмей қалады. ”Pinduoduo”сайтында заттардың құны Қытай теңгесі мен, яғни юаньмен есептеледі. 1 юань қазақстандық теңгемен есептегенде, 62, 31 теңгені құрайды. Тапсырысыңыз сенімді келу үшін, өзіңіз тұратын елді-мекенге жақын каргоны таңдайсыз. Каргогың мекен жайын алып, ”Pinduoduo” желісінің мекен жайына тіркеп қоясыз. Ендігі кезекте өз тапсырысыңызды бере аласыз. Тапсырысыңыз Қытай қоймасына жетіп қабылдаған соң, сіздің жіберген мекен-жайыңызға 2 апта немесе 20 күнде жетеді. Берген тапсырысыңыз келсе, сіз затыңыздың салмағына төлеуге міндеттісіз. Сіз таңдаған карго 1 килограммына қанша теңге төлейтініңізді айтып ескертеді. Затыңыз 1 килограмм шыққан жағдайда, белгіленген теңгені төлеп алып кетсеңіз болады. ”Pinduoduo”сайтының бізге берер пайдасына тоқталып өтсем.

“Pinduoduo” сайты бізге көптеген пайдасын әкеледі. Ең бірніші қаржымызды үнемдеуге көмектеседі. Ал. екінші тауардың құны мен сапасы бізге өте тиімді. Мысалы, Қазақстандағы бір сөмкенің бағасы 10000 теңгені құраса, дәл осындай сөмке”Pinduoduo”сайтында 2000 теңгені құрайды. Ал. ойланып көріңіздер көріңіздер, бізге қай сат тиімді. Әрине. ”Pinduoduo” сайтын тиімдірек -деп айтатын едім.

“Pinduoduo”сайты Қытай тілінде. Егерде Қытай тілін білсеңіз, сіз бұл сайтты тезірек меңгеріп аласыз. Біз бұл тілді білмегендіктен, Қытай тілін қазақ тілге аударып, өзімізге керекті ақпаратты біліп аламыз. Мен қазір “Pinduoduo”сайтының тұрақты тұтынушымын, өз тапсырысымды асыға күтудемін. Себебі: елімізден 3, 4 есе арзан және сапалы заттарды бердім. ”Pinduoduo”сайты өз жұмыстарын жоғары деңгейде орындайды.  

“Pinduoduo”сайтын курстарға жазылмай , мен айтқан ақпараттармен немесе ютуб каналыннан үйреніп алсаңыздар болады. Курстардың ақшасы сіз ойлағаннан да қымбат болуы мүмкін. Сол себепті ең оңтайлы жол ютуб каналынан тегін сабақтарды көрсеңіз, өзіңізге мол пайдасын тигізері сөзсіз.

Қорытындылай келе сапалы және де төмен бағада заттар іздесеңіз, ”Pinduoduo”сайтын сіздерге ұсынамын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз