Өлең, жыр, ақындар

Неліктен журналистика?!

Мақсатқа тек қателік жасап, тәжірибе жинау арқылы жетесің

Томас Эдисон

Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүрер, ізденіс пен білімді қажет ететін сала. Журналист болу үшін алғыр, білімді, ізденімпаз, айтқан сөзі мәнді де сәнді болуы тиіс. Журналист болу арқылы халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, әр өңірдегі елең еткізер жаңалықтардан хабар еткізе алатынымыз сөзсіз. Жалпы журналистика саласы көп біліммен қатар жаңа ақпараттық технологияларды толық меңгеруді бізден талап етеді. Ақпарат әділ таразы болып, адам мен қоғам үшін кіршіксіз қызмет етсе ғана біз көздеген мақсаттарға жете аламыз. Мен мамандық таңдауда біраз ойландым. Менің көздеген мақсатым – білікті де білімді "Журналист" болу еді. Дәл осы салада өзімді біраз шыңдап үлгердім. Менің таңдаған мамандығым – бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның, қиялымда кеңге жайған асқақ арманымның нәтижесі. Ол – журналист болу. Қарапайым журналист емес, жаһандық аренада танымал қазақ журналисі болу. Қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосу. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап…» деп талмай еңбектеніп, қажырлы жұмыс жасап, бойымдағы шығармашылық қабілеттерімді дамытып жатырмын. Бұл мамандық әдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Әрдайым газет-журналдарды оқи отырып, әр тақырыптағы мәселелерді зерделеп, ой елегінен өткізіп отырамын. Іздене отырып, менің де журналистикаға деген құлшынысым арта түседі. Өзімді шыңдау үшін әртүрлі сайыстарға қатысып өзімді сынап келемін. Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды. Қорыта келе, білгір Карл Краус «Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана журналист боласың» дейді. Ең бастысы, жазу шеберлігі мен ойыңның анықтығын ұштау қажет. Сонда ғана білгір журналист атанасың.

Гүлзина Орынбасар

10 сынып оқушысы Түркістан облысы Созақ ауданы Қарақұр ауылы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз