Өлең, жыр, ақындар

Ұстаздық ұлық емес, ұлы қызмет

Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға" демекші, ұлағатты мұғалімдердің мерейі артып отыр. Білім нәрін нұрландырушы ұстаздар болмаса, сауатсыз адамдардың болары хақ.

Жиырма бірінші ғасырдың, қазіргі күні ұстаздарға үлкен көңіл бөлінуде. Себебі, ұстаздар болмаса еліміздің білім деңгейі нашарлап, жаппай сауатсыздық басу қаупі ғажап емес. Қарқынды түрде сала жалақысы жоғарғы көрсеткіш деңгейіне жетіп, көптеген қаржы білім нәріне жолданды. Ұстаздарды жан-жақтан қолдап, демеу беру біздің парызымыз болғай.

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған да, мейірімді жылы жүзімен алдымыздан ұстазымыз күтіп алады. Қолымызға қалам ұстатып, қатесіз жазу мен желдей зулап оқуды, айбынды жігерімен үйретеді. Өмірдің ақ пен қарасын игеруді түсіндіріп, қызықты да балғын шағымыз ұлағатты ұстазыммен өтті.

Мектеп бітіріп кеткенше ұстаздар, бізге білім нәрін төгумен өтеді. Маңдайының ақпай терін төгіп, біздің білмеген дүниемізді жақсылап түсіндірді. Біздің жаманшылығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып, елеулі күндерімізде өткен болатын.

Ұстаз деген ұлағатты сөзді есту бір ғанибет дүние. Ұстаздар болмаса, қазіргі күніміз қалай болар еді?Бұл сұрақтың жауабын білу, көз алдыма елестету қорқынышты. Осындай кезеңде ұстаздардың болғаны, бақытты сәтте өмір сүруімізбен тең.

"Тәртіпке бағынған, құл болмас", деген мақалды ұстанып, ұстаздардың тәртібіне бағынамын. Мұғалім болып отыз шақты оқушыны тыныштандыру қиын, сол себепті өзімізде тәрбиеге бағынумыз шарт. Тәрбие болмаған жерде ешқандай білімді оқушы шықпайды, өз қамымыз үшін әрбір істі өзімізден бастайық

"Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім -мектептің жүрегі", нақыл сөзі ұлағатты ұстазды, бір сөзбен сипаттап кеткендей.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз