Өлең, жыр, ақындар

Жемқорлықсыз қоғам

21 ғасырда туындаған жағдайларды көптеген адамдар ақша арқасында шешуге жөн көреді.

Пара беру мен жемқорлық қазіргі қоғамдағы үлкен, маңызды мәселеге айналуда.

Коррупция — еліміздің дамуына, өркейуіне, жаңаруына теріс әсерін әкеліп қана қоймай, келешекке де өз зиянын тигізеді. Бүгінгі қоғам да бұл іспен айналасу күннен-күнге қиындап бара жатыр. Үкімет бұл іспен күресу үшін барын салуда. Қазіргі таңда еліміз бұл іспен айналасу үшін халықпен бұл сала туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оған қоса сыбайлас жемқорлық пен қарсы іс қимыл агенттігін жұмысқа қосуда. Жемқорлық туралы еліміздің конституциясында көптеген заңдар кездеседі. Бірнеше жылға бас бостандығынан айырылу бойынша заңдар кездессе де адамдар осы іске қаса қана қол сұғып қана қоймай, үкіметті алдап кетеді. Жемқорлық — бүкіл әлем бойынша өзекті мәселе. Өйткені әр мемлекет осы жемқорлық кесірінен зардап жегуде. Мемлекеттің ақшасын жей тұра адамдар еш ұялмай шекарадан асып, өз ақшасы ретінде оңды солға жұмсайды. Осының кесірінен мемлекет жапа шегеді. Әр жыл сайын Антикор мемлекеттен ұрланған ақшаны тауып және қайтара отырып ұрлықшы адамдарды заңның алдында жауап беруге міндеттейді. Мемлекеттік қордан ақша ұрлау аса үлкен қылмыстық іс болып саналады, және ауыр жазаға ілінеді. Бұны біле тұра адамдар осы іске жүгінеді. Шыңдық түбі бетке шығатынын ескермей адамдар ереже бұзып ең соңында қара темір артында зардап шегіп, өкінеді. Оған қоса қазірде көп байқалатын жемқорлықтың түрі пара беру. Бұл көріністі біз көбінесе емхана, мектеп, жоғарғы оқу орындарында көп кездестіріп, жаңалықтарда естіп жатамыз. Осындай факторлар кесірінен еліміз артта қалу да. Бұл жемқорлық мәселесін өскелең ұрпақ тежеуі үшін қазірден олардың саналарына сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз жақтарын түсіндіріп ойларын қалыптастыруға бар күшімізбен тырысу қажетпіз. Сыбайлас жемқорлық туралы үңіліп, тереңнен ақпараттар іздестіріп, жұмала жиналсақ, көптеген істердің барысын ашып қарастырар едік. Сонымен қатар Бақ және жарнама ретінде әлеуметтік желіге жемқорлықпен күрес пара алудың қатаң жазасы бар екенін еске түсіріп тұру қажет.

Біздің басты міндетіміз — Жаңа Қазақстан құру сол үшінде қазірден жемқорлық, пара сияқты өзекті мәселелерді қолға алу маңызды. Парасыз, Жемқорлықсыз мемлекет болып қалыптасу үшін өз үлесімізді қосуымыз жөн. Осындай қоғамдағы болып жатқан дүниежүзілік мәселені қолға алып, төтеп беріп, тосқауыл болу басты ұтымды пікір. Бұл заңсыз қоғамды тоқтату деген сөз. Яғни біз жемқорлықпен күресе отыра парасатты қоғамды қалыптастырамыз. Келешек ұрпақ болғандықтан қазірден бұл іспен күресіп, қоғам дамуына жаһандануына үлес қосқан жөн. Және де осы істеп жатқан ісіміз мемлекетімізге пайдалы деп сенемін.

Туримова Айбинур


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз