Өлең, жыр, ақындар

Жарнама адамдардың жасанды қажеттіліктерін тудырады ма?

Жарнама-белгілі бір тауардың сатылымын жоғарлататын, сатып алушының сенімін арттыратын ең тиімді жол десе де болады.

Ал осы жарнама адамда жасанды қажеттілікті қалай қалыптастырады?

Біріншіден, киім, электроника сататын сауда үйлерінен “Акция” ,”Распродажа”, “50% скидка” секілді сөздерді естіп жатамыз. Осы сөздерді оқыған, естіген әрбір сатып алушының осыған дейінгі бар заттары аз болып көріне бастайды. Дүкенге басқа зат үшін келген сатып алушы мүлдем басқа зат алып кетеді.

Екіншіден, атақты брендтер өзінің амбасадорлары ретінде атақты актёр, әнші, спортсмендерді таңдайды. Бұл жанкүйерлерге бағытталған . Мысалы, 2020-2021 жылдар аралығында эфирге шыққан “ Постучись в мою дверь “ түрік сериалындағы басты кейіпкер Серкан Болаттың өз ғашығына берген сақина желіні жарып, оның сатылым деңгейі өсті.

Үшіншіден, адамды қиялдауға мәжбүрлейді. Мектептен үйге қайтар жолда аялдамада, қоғамдық көліктерде айналаның бәрінде жарнаманы көреміз.Адам болғасын ананы да, мынаны да алып, иелік еткің келеді.     

Томирис Жиенбаева                      


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз