Өлең, жыр, ақындар

Профессор Ж.А. Алтаевтың 75-жылдығына орай өтетін ғылыми-тәжірибелік конференция

Орындағандар: Амангазин А.Н., Аманжолова А.Н., Ануарбекова А.Е.

Ғылыми жетекші: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Дінтану және мәдениеттану"кафедрасының аға оқытушысы Қантарбаева Ж.У.

Бүгін Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби ғылыми кітапханасында философия ғылымының докторы, профессор, фарабитанушы ғалым Жақыпбек Алтаевтың 75 жасқа толуына орай «Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция әлемдік философия мен ғылымдағы әл-Фараби мұрасы, әл-Фараби және түркі халықтарының философиясы мен заманауи Қазақстан философиясының негізгі бағыттарын қамтыған болатын.

Конференция аясында «Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым» тақырыбында Жақыпбек Алтайұлының ғылыми еңбектерінің көрмесі мен фотокөрме ұйымдастырылып, кейін фильм көрсетілді. 

Онымен қоса профессор Ж.Алтаевтың библиографиялық жинағы мен «Әл-Фараби философиясы» және т.б кітаптарының тұсауы кесілді.
Бүгінгі өткен шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы және т.б. ұйымдастырды.

Бұл ең қызық конференциялардың бірі болды. Өте тамаша ойлар және жағымды оқиғалар болды. Менің ойымша, әр қатысушы өзі үшін көп пайдалы мәліметтер алып шықты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз