Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет - жетекші ұлттық университет

ҚазҰУ - 1933 жылғы 13 қарашадағы  Қазақ өлкелік комитеті бюросының қаулысымен құрылған Республиканың ең көне классикалық жоғары оқу орны болып табылады. Өз қызметінің 90 жылында университет көпұлтты Қазақстанның экономикасының, саяси-құқықтық өмірінің, мәдениетінің, ғылымының және білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты және еліміздің жоғары мектебінің бүкіл жүйесінің тірегіне айналды. Ол бүгінгі күнге дейін республикадағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі орталықтарының бірі, жоғары кәсіби, білікті кадрлардың ең ірі ұстасы болып қалыптасты және болып қала береді.

Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - еліміздің тұңғыш классикалық университеті және барлық жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының бірінші лауреаты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-қазақстандық жоғары оқу орындарының бас рейтингінің тұрақты көшбасшысы.

Университетте екі мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары, ірі академиялардың 100-ден астам академиктері, Қазақстан Республикасының 30-ға жуық еңбек сіңірген қайраткерлері жұмыс істейді. Мұнда жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар оқиды. Университет бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын іске асыру, студенттермен алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің жүздеген ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады.

Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-Қазақстанның жоғары оқу орындары бас рейтингінің көшбасшысы, ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өнім және қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін сыйлығының дипломанты. Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ЖОО-лары арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Партиясына қол қойды. Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) ИСО 9000:2000 Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сертификаттаудан сәтті өтті және ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәліктерін алды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз