Өлең, жыр, ақындар

Жаңа замандағы журналистік шеберлік

Қайратұлы Әлімжан
Журналистика факультетінің 2-курс студенті

Көбінде қазіргі заман ауқымында, медиа сфераның соншалықты тез дамуы мен ол жерде медиа инфлюенсерлермен тағысын тағы басқа да медиа аумақта жүрген адамдардың санының артуынан, журналистік шеберлік ұғымына дұрыс мән берілмей кеткені көрініс табады. Десе де, бұл қазіргі таңдағы ең өзекті, әрі сұранысты дүние екені байқалады. Мысалы,  қарапайым абитуриент журналистика саласын негізгі мамандығы ретінде таңдаудан қорқады. Қоғамның медиа салаға деген жеңіл желпі қарауы мен шынайы шеберді әуесқойдан айыра алмауы. Екінің бірі қоғамда журналист, қолында смартфоны болса болды деген ұғым қалыптасқан. 

Бірақ осыдан шыға, ақпараттық кеңістікте, ХХІ ғасырдағы медиасфера үнемі техникалық жаңалықтармен байланысты жаңа сипаттамаларға ие болуда. Технологиялар медиа-коммуникацияға бірегей мүмкіндіктерін ұсынады және медиа индустрияның барлық бұрынғы кәсіби тәжірибесін жоққа шығаратындай. 

Бүгінгі таңда ең жаңа кезеңдегі журналистика қағидаларының негізінің қалыптасуы  туралы айту ерте, бірақ классикалық журналистиканың жүйелік базалық теориялық білімі, қазіргі қоғамның шындығында аналитикалық көзқарас, ондағы медианың рөлі мен стратегияларын бағалау, технологияларды және коммуникацияның субъективті модельдерін тез меңгеру журналистке қоғамның қажеттіліктеріне ақпараттық жүйеде жауап беруге мүмкіндік береді деп ойлаймын. 

Журналистің маңызды қасиеті эмпатия мен эмоционалды интеллект екені Әзілхан Нұршайықов ағамыздан көрініс табады. Журналистика кәсібінің заман өзгерістеріне ұшырағанына қарамастан, оның негізгі ережесі өзгермейді. Нағыз журналист – дұрыс ойланып, жақсы жазатын журналист.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз