Өлең, жыр, ақындар

Мен журналист болсам...

Мен бала күнімнен журналистикаға қатты қызықтым. Тілшілердің өмірі маған қызық болып көрінетін. Тіпті өзімді дәл тілшілердей сезініп жақындарыма сұрақ қойып, сұрақтарымның жауабын алуға асығып жүретінмін. Тіпті, ұлттық арнаның түрлі бағдарламаларын көріп, айтылған мәселелер бойынша ой түйіндеп, отбасыммен пікір алмасатынбыз. Соның бірі Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай» телебағдарламасы. Мүмкін бұл кісі болмаса журналистиканың иісі мұрынымның ұшынада келмес еді. Осылайша менің журналистикаға қызығушылығым оянып, бұл мамандық жайлы көп зерттеуге тырыстым. Алғашқы қадамдарым өлең шығарумен басталды. Түрлі тақырыптарда ой толғап, жүрек сырымды ақтаратынмын. 

Ал қазір мен журналистпін. Талай ірі тұлғадан сұхбат алып, сұрақ қойып жауапта алдым. Ойдан ой сұрақтан сұрақ қалай туатынын байқадым. Біз журналистер халық пен үкіметтің көпіріміз. Яғни, елдегі бар жағдайды, тұрақтылықты халық біздің берген ақпараттарымыз арқылы алады. Сол үшін журналистің ең басты қаруы ақпаратты дұрыс жеткізе алуы. Жаһандану кезеңінде қарышты дамып келеміз бұл теңеу ақпарат саласының мамандарына да қатысты. Яғни, күнделікті жаңа ақпараттар жаңа технология дәл осы кезеңде журналситерде күнделікті дамып, білімдерін жетілдіріп отыруы тиіс. Әлем елдерінің жаңалықтарынан құлақдар болып отыруы керек. Әрдайым ізденіс үстінде болуы қажет. Тіл білгендіктіңде еш зияны жоқ. Менің жеткізгім келген ойыма тақырыбым сай келмей тұр білем. Дегенмен Мен журналистпін қазір мен өзімде өзгерткім келетін дүниелер бар. Бізде кез келген ақпаратты алуға, салуға, оны кез келген әлеуметтік желіге жүктеуге мүмкіндік жетерлік. Дәл сол әлеуметтік желіні дұрыс бақытта пайдаға асыру. Журналситтик саласының үзіктерімен жолығып, тәжерибе алу. Бір орында ілгерлемей тұрып қалмай, жаңаша ақпараттамен білімімді жетілдіру. Тіпті шет елден білім алып келіп, өз елімде қызмет атқару. Осы менің алдағы уақытта журналисттика саласына қосқым келетін үлесім. Яғни, дара тұлға болғым келеді. Біздің қолымыздан қазір барлығы келеді. Тек оған жететін ерік жігер керек.

Құдайбергенқызы Ақерке


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз