Эссе және өлең-жыр байқауы

Ливерпуль мен Арсенал арасындағы тарихи матчтар

Маусымның ашылу ойыны (1911 2-қыркүйек)
Жордж Бурдет - допты ұстап тұрған Арсенал Вулвич командасының қақпашысы. Бұл - маусымның ашылу матчы Арсенал Вулвич пен Ливерпуль командаларының арасында өтті және матч 2-2 есебімен аяқталды. (1914 жылы Арсенал Вулвич командасының атауы Арсенал деп өзгертілді)

Маусымның ашылуы Ливерпуль және Арсенал

 

Қуанышты Дирк (2011 17-сәуір)
Дирк Кюйт Emirates стадионында өтіп жатқан матчтың 13-минутында пеналтидан салған голын тойлауда. Робин ван Перси матчтың 109-минутында гол соғып, матч 1-1 есебімен аяқталды.

Дирк Кюйт

 

Патшаға бас ій (1983 10-қыркүйек)

Грем Сунесс Кенни Далглишті құттықтауда. Бұл матчта Жоу Фаган бастаған Ливерпуль командасы Хайбари стадионында 2-0 есебімен басым түсті.

Кэнни Далглиш

 

Шкртел нүкте қойды (2014 21-желтоқсан)
Филипе Коутинью гол соғып Ливерпульді алға шығарды. Дебюши мен Оливье Жирудың соққан голдары тізгінді Арсеналға қайтарды. Дегенмен, матчтың соңғы минуттарында Мартин Шкртел жаралы басымен гол соғып матчқа нүкте қойды. Матч 2-2 есебімен аяқталды.

Мартин Шкртел

 

Кубокті көтеру (1923 13-қаңтар)
FA кубогының бірінші айналымындағы матч. Хайбарида өткен бұл матчта Ливерпуль Арсеналды 4-1 есебімен жеңді. Элиша Скот пеналти қайтарды және Гари Чемберс екі гол соқты.

Хайбари

 

Қызылдардың буырқануы (2014 8-ақпан)
Мартин Шкртелдың 10 минуттың ішінде салған екі голы Энфилдты толқытты. Бұл ойын 5-1 есебімен Ливерпульдің пайдасына шешілді.

Ливерпуль Арсенал 5-1


Хайбаридағы қол алыс (1928 27-қазан)
Матч басталар алдындағы Ливерпульдің капитаны Джеймс Джексон мен Арсеналдың капитаны арасындағы қол алыс. Бұл ойын 4-4 есебімен аяқталды. Бұл ойында Ливерпуль ойыншысы Гордон Ходжсон хэт-трик жасады.

Хайбаридағы қолалыс

 

FA Charity Shield матчы (1979 11-тамыз)
Қызылдардың жаттықтырушысы Боб Пейсли мен Арсенал жаттықтырушысы Терри Нил арасындағы матч алды сұхбаты. Бұл матч Уэмблиде өтті. Бұл матчта Ливерпуль 2-1 есебімен жеңді.

FA Charity Shield матчы

 

Құрғақ есепті сақтау (1950 29-сәуір)
Уэмблидегі құйған жаңбыр фанаттарды шошыта алмады. Бұл FA кубогында Арсенал Ливерпульді 2-0 есебімен жеңді.

Құрғақ есепті сақтау

 

Голдар жауыны (2009 21-сәуір)
Энфилдта өткен бұл матч 4-4 есебімен аяқталды. Ливерпуль сапынан Фернандо Торрес пен Бенаюн екі голдан салса Арсенал сапынан Андрей Аршавин покер жасады.

Голдар жауыны


Ливерпульдің жігіттері қонақта (1971 7-мамыр)
Билл Шэнкли және оның жігіттерінің поездан түсіп жатқан сәті. Бұл жігіттер Арсеналға қарсы FA кубогының финалына келді.

Ливерпуль жігіттері қонақта

 

Уэмблиге апарар жол (1971 8-мамыр)
Шэнкли өзінің жігіттерін Уэмблидегі алаңға FA кубогының Арсеналға финалына алып шығуда. Бұл матчта қосымша минутта Ливерпуль бір гол салды, бірақ Эдди Келли мен Чарли Джорджтың голдары кубокты Арсеналға алып берді.

Уэмблиге апарар жол

 

Чемпиондыққа бір қадам (1989 1-мамыр)
Ливерпуль өзінің чемпион болатын соңғы шансын жоғалтты. Маусымның соңғы матчы Энфилдте Арсеналға қарсы өтті. Бұл матчқа Майкл Томастың голы нүкте қойды. Матч 2-0 есебімен Арсеналдың пайдасына шешілді.

Чемпиондыққа бір қадам


Меллордың қуанышы (2004 28-қараша)
Нил Меллор салған голына қуануда. Бұл матчта Ливерпуль 2-1 есебімен жеңді.

Меллордың қуанышы

 

Үздік хэт-трик (1994 28-тамыз)
Робби Фаулер Премьер лига тарихындағы ең тез хэт-трикті Арсеналға қарсы болған матчта жасады. Фаулер 3 голды 33 секундта соқты. Бұл рекорд әлі жаңартылмады.

Үздік хэт-трик

 

Энфилдтағы шабыт (2008 8-сәуір)
Чемпиондар Лигасының ширек финалы. Стивен Джеррард пен Джон Арне Риисе капитанның салған пеналтиін тойлауда.

Энфилдтағы шабыт


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...