Өлең, жыр, ақындар

Менің болашақ мамандығым!

Қазақ дана халқымыздың байырғыда айтып кеткен дана сөздерінің бірі бұл "жар таңдаудан және мамандық таңдаудан қателеспеу керек" деген сөзі тайға таңба басқандай әр адам баласына астары бар ескерту секілді себебі,мен секілді мектепті жаңа тәмәмдаған жас түлек үшін бұл ескертпе сөз адамды тереңірек ойландыруына жол ашады.Мамандық таңдау бұл жай ғана оңай іс деп ойлау бұл қателік өйткені мамандықтан қателесу өзіңнің болашағыңа балта шапқанмен тең себебі өзіңнің жаның қалаған мамандық бойынша жұмыс жасамау бұл өміріңді босқа сарп еткенмен тең деп те ойлаймын.

Өзімнің ұзақ уақыт бойы талай сараптарға салып ойланып толғанып таңдаған мамандығым бұл журналист яғни тілші маманы ,мен бұл мамандыққа тоқталған себеім жастайымнан әкеммен бірге отырып "кешкі жаңалықтар"ды қарайтынмын,жаңалықтар қарай отырып өзіме көптеген ақпараттар алатынмын елімізде және әлем бойынша болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отыратынмын ең бастысы жаңалық жүргізушілерінің дикциялары сөйлеу мәнерлері дауыстары құлаққа жағымды болғандықтан мен өзіме мақсат қойдым мен де осы жүргізуші,тілші аға әпкелерім секілді боламын деген,қазір сол мақсатыма бір табан жақын қалғанымды да байқамай қалыппын,мақсат қою арқылы кез-келген арманға жетуге болатынын байқадым.

Мен тілші маманы болу арқылы еліміздің өзекті мәселелерін билік басындағыларға жеткізе алатын халық пен биліктің арасындағы көпір бола аламын жалпы,тілші маманы халық пен билікке ең қажетті мамандық екені көбімізге белгілі.

Менің ендігі мақсатым халыққа тиянақты және адал қызмет ету.Қазақ атамыз айтқандай "Жар және мамандық таңдаудан қателеспейік"!

Азамат Қайратұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз