Өлең, жыр, ақындар

Әмір Темір ұстанған қағидалары

1. Аллаһу та’аланың дінін жаюды мақсат тұттым.

2. Досқа да, жауға да бірдей мәміледе болдым.

3. Ғалымдармен ақылдасу арқылы көптеген жетістіктерге жеттім.

4. Заңға құрмет етуді және заңмен жүруді орнықтырдым.

5. Қолбасшы және әскерімді күшті күйде ұстау үшін алтын және басқа да құндылықтарды оларға пида етуден тартынбадым. Майдандарда үнемі әскерімнің жанында болып, осының салдарынан 27 өлкенің билеушісі болдым.

6. Әділеттік және бейтараптық арқылы мұсылмандарға жақсылық таратушы болдым. Және олардың жақсылықтарын көрдім. Әлсіздерді залымдардың қолынан құтқардым. Кедейлерді тойғыздым.

7. Сәйидтерге, ғалымдарға және тарихшыларға ерекше назар аудардым, жақсы мәміледе болдым.

8. Жақсы және ержүрек адамдармен дос болдым.

9. Раббымның маған ашуы түспесін деп ешкімге қысым және ашуымды көрсетпедім.

10. Халықты басқаруға мемлекет билігіне олардың сенімін алған адамдарды ғана тағайындадым.

11. Достарым менімен дос болғанына ешқашан өкінбеді. Дұшпандарыма да жылы шырай таныттым.

12. Адамдармен дәрежесіне қарай сөйлесетінмін.

13. Тоқтамыс ханға қарсы соғыста оның қолбасшылары бізді әскеріңнің қатарына ал деп келді. Ертең маған да қиянат жасауы мүмкін екенін ойлап, «сендер сатқынсыңдар» деп оларды қабылдамадым.

Оқуға кеңес береміз:

Әмір Темір

Піліңе (әліңе) қарап сөйле!

Әмір Темірдің Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аумағындағы басқыншылық соғыстары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз