Өлең, жыр, ақындар

Ақпараттық сауаттылық – болашаққа ұмтылыс

Адам баласын кемелдікке кенелтіп, өркениетке жетелейтін – білім мен ғылым жолы. Әлемнің ғұлама ойшылы, шығыстың екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби: “Ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы”, - деген еді. Білім мен ғылымның дамуында ақпарат ерекше орын алады. Еліміз заман өзгерісінен қалмай, басқа алпауытты елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан заманда, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу, оны нәсихаттау алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі.Елімізде көшбасшы жоғары оқу орындарында заман талабына сай ақпараттық технологияларды игеругеқабілетті мамандардаярланады. Ал басекеге қабілетті жастарды дайындауға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үлкен үлес қосуда. Бүгінде көптеген халықаралық университеттермен серіктес, еліміздегі жоғары оқу орындары арасында алдыңғы қатарлы, көшбасшы орынға ие. Университет білім алушының жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, тәрбиелеуге жол ашады.

Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына негізделіп, қазіргі заманға сай мамандарды дайындау мақсатында 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жеке факультет ретінде ақпараттық технологиялар факультеті ашылып, жаңа бастамамен жас түлектер білімі қолға алынды. Бұл Қазақстанды цифрландыруға, ақпараттық технология саласында оқитын және жасанды интеллектпен, сонымен қатар «үлкен мәліметтермен» жұмыс істей алатын жастарды көбейтуге арналған. Қазіргі уақытта, факультет       Урмашев Б.А. басшылығымен салауатты ұрпақ тәрбиелеуде белсенді қызмет етеді. Факультет құрамында «Жасанды интеллект және BigData», «Информатика» және «Ақпараттық жүйелер» кафедралары жұмыс атқарып жатыр.

«Информатика» кафедрасы жеке кафедра ретінде 2001 жылдың қараша айында ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Балакаева Гульнар Тултаевнаболды. Оның басшылығы кезінде (2001-2006 жж.) ұжым, оқу жоспары және бағдарламалары құрылды, алғаш рет «Информатика», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарына студенттер қабылданды. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда зор еңбек сіңіріп, кафедра меңгерушісі қызметін ары қарай жалғастырғантехника ғылымдарының докторы, профессор Шмыгалева Татьяна Александровна(2006-2009жж.) болған еді. Ақпараттық технология саласында маман даярлауда жаңа серпін қосып, жаңалықтар енгізуде меңгеруші қызметін техника ғылымдарының докторы Ахмед-Заки Дархан Жумаканович(2009–2012жж.) жалғастырды. Өз кезегінде білім жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдауда Урмашев Байдаулет Амантаевич, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент (2012–2019жж.) жетекшілік етсе,  2019-2021 жылдар аралығында PhD, доцент Иманкулов Тимур Сакенович кафедра меңгерушісі қызметін үлкен жауапкершілікпен атқарған болатын. 2021 жылдың қаңтарынан бастап PhD, м.а. доцент Дарибаев Беимбет Серикович кафедра меңгерушісі ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекетіміздің дамуының стратегиялық жоспары бойынша жоғарғы оқу орындарына қойылатын талапқа сәйкес даму бағытында жұмыс жасап, қызмет атқарып келеді. Ал профессорлық оқытушы құрамы білімді де білікті, кәсіби профессорлар мен оқытушылар, ғылым кандидаттары мен доценттерді қамтиды. Қазіргі күні көптеген жаңа әдістер енгізілуімен келесі білім беру бағдарламалары қамтылған: Бакалавриат (6B06103 - Компьютерлік инженерия, 6B06104 – Компьютерлік ғылымдар), Магистратура (7M01502 – Информатика, 7M06103 - Компьютерлік инженерия, 7M06104 - Компьютерлік ғылымдар), Докторантура (8D01502 – Информатика, 8D06102 - Компьютерлік инженерия, 8D06103 - Компьютерлік ғылымдар, 8D06105 - Жүйелік инженерия). Технологиялар қарқынды дамуына сәйкес заманауи қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, веб-дизайн, электрондық коммерция жүйелерін, деректер қорын, жасанды интеллект жүйелерін құру, есептеуіш лингвистика және компьютерлік графика мәселелері, ақпаратты қорғау салалары бойынша білім беріледі.  Кафедра ғылыми - педагогикалық бағытта техника ғылымдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары бiлiм беруді қамтиды. Сонымен қатар, студенттері университеттің шығармашылық және спорттық өміріне белсенді қатысады. Жас тапқырлар бағдарламалау сайыстарына үлкен ынта танытады және сайыстарды жібермей оларға қатысу үстінде. Сапалы білім беру мақсатынды заманауи компьютерлік техникамен жабдықталған зертханалардың жақсы материалдық-техникалық базасымен қамтылу ісі жүргізілген.Ұстаздар ынталы түрде студенттеріне бағыт бағдар беру үстінде.

Қазіргі таңда, біз жастар, магистратураға түсіп жаңа форматтағы заманауи техникалық бағыттарды игеріп, трендтегі мәселелерге зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Игеріліп жатқан жаңа тәсілдегі технологиялар жұмыстарымызда қолданыста қажетті нәтижеге жетуге үлкен септігін тигізуде және ұстаздар тарапынан да даму мен тәжірибелік жақсартулар үздіксіз атқарылуда.

Кафедраның салыстырмалы түрде жас болуына қарамастан университеттің бөлімдері мен қызметтерінде жұмыс істеп жүрген кафедра қызметкерлері мен түлектері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына зор үлес қосып келеді. Сондықтан информатика кафедрасы өз түлектеріне сеніммен қарайды және заман талабына сай жаңа міндеттер мен жаңа мақсаттар қою арқылы болашаққа ұмтылыс жасайды!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Информатика» кафедрасы  аға оқытушы Б.А.Максутова  «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы  1-курс магистранттары М.Т.Турганов, С.С.Танаш, А. Д. Қалибекова


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз