Өлең, жыр, ақындар

Жылнамалар жинағы

«Жылнамалар жинағы» — бұл екі томнан тұратын кітап. Кітапты Иран хандарының сарайында жоғары қызмет істеген Фазлаллах Рашид әд-Дин жазған. Ол «Жылнамалар жинағын» 1300-1301 жылдары бастап, 1310-1311 жылдары аяқтаған. Шамамен 10 жыл бойы еңбектенген. Рашид әд-Дин «Жылнамалар жинағын» моңғол ақсүйектерінің ауызша шежірелерінен, құжаттардан, моңғолдар жаулап алған елдердің тарихи шығармаларынан, оқиғаларға қатысушылардың мәліметтерінен құрастырған. «Жылнамалар жинағы» Батыс Еуропадан бастап Үндістан мен Қытайға дейінгі — аралықтағы елдердің тарихын қамтиды.

Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші томы XII-XIII ғасырлардағы моңғол және түркі тайпалары мен халықтарының тарихы жөнінде құнды деректер береді. Сондай-ақ сол халықтардың әдет-ғұрыптары, діни нанымдары, көшпелі тұрмысы және орналасқан аумақтары туралы да жазылған. Жылнаманың екінші томында тайпалар, Қазакстанның жер-су атаулары, тарихы баяндалады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз