Өлең, жыр, ақындар

Туған жер алтын - тұғырым

Менің туған жерім – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу станциясы. Туған жерім ауылым – Атасу. Мен үшін ең ерекше жер. Әрине, барлығымыздың туған жеріміз бір қазақ жері, оның ішінде өз ауыл, қалаларымыз. Әркімнің туған жері ыстық, туған жердің топырағына ештеңе жетпейді. Кім болса да, өзінің ауылымен, шыққан жерімен мақтанады. Қайда жүрсең де, өз туған жеріңе ештеңе тең келмейді. Туған ауылды сағынбайтын жан жоқ шығар. Жас болсамда, үлкендерден жиі естимін, кәрілік шақта туған ауылдың ауасы мен ыстық ықыласы тартып тұрады дегенді. Сондайға мысал, өз ауылымның көшіп кеткен тұрғындары, сол кісілерді қаладан көріп қалсам ауылға барып қайтқандай болдым ғой деп, ауыл жаңалықтарын құлақ түріп тыңдайды. Мен өзімде 7-сыныптан бері Қарағанды қаласында оқимын. Бірақ, әлі күнге дейін ауылды аңсап тұрамын. Мектепте отырғанда терезеге көзім түссе киелі мекенім – Атасуды аңсайтынмын.

Ауылым атын – бесігім. Атасу Жаңаарқа ауданының батыс бөлігінде, Манақа өзенінің бойында орналасқан. Барлық балалық шағым осы алақандай ғана ауылда өтті. Менің ауылым шағын ғана болғанымен әдемі, мал өсіруге жайлы жер. Шіркін, ауылымның таңғы самал желін айтсаңшы. Қаладағы газ бен шаңның ортасынана ауылға барғанда ұйқың қанып ұйықтайсың. Мен қалада оқып жүрген кезімде көліктердің дауысынан қатты шаршайтынмын, сол кезде ауылымның тыныштығын, шіркін, таза саф ауасын, кешкі өрістен келетін малдардың келіп жатқан дауысын сағынатынмын. Баға жетпес байлықтарым әке-шешем, бауырымнан кейін мен үшін киелі мекнім – Атасуды сағынамын. Ауылымның табиғатына келер болсам, ауылымда биік- биік таулар жоқ бірақ тауға жетер-жетпес қырлары бар. Мен үшін бұл қырлар Алатаудан да биік көрінеді. Ауылымның жазық жерлері де, шұрайлы шабындықтары да, өзендері де, таза суы мен бұлақтары бар. Бұл ауыл мен үшін өте орыны ерекше жер, себебі, мен осы жерде туылдым, өстім, өмірімнің ең керемет кезеңдері осы Атасу ауылында өтуде. Менің ауылдағы ең сүйікті ісім атқа мініп, жылқы айдау және қансонарда тазымен аңға шығу. Қалада жүргенімде осы атқа мінген кезімді қатты аңсаймын.

Менің шағын ғана ауылымнан әйгілі адамдар оқыды. Олар: Төлеубай Ермекбаев қаламгер, журналист бітірген, заң ғылымдарының докторы. Мақажанова Қапиза – биология ғылымдарының кандидаты, Какенова Тәттігүл – педагогика ғылымдарының кандидаты, Тапашев Мейірбек – филология ғылымының кандидаты. Тізіп жаза берсем, біраз адамдар бар. Менде осы ауылдас аға-апаларым секілді қаламы ұшталған журналист болғым келеді. Нағыз мақтан тұтар Төлеубай Ермекбаев «Қарағанды жастары» газетінің бірінші редакторы, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі. Жақсылардың жолын берсін деп, журналист болғым келеді. Мен бала болсам да, өзіме жетер біраз жетістіктерім бар. Бұл жетістіктерімнің барлығы осы ауылда өсіп, ауылдағы әке-шешемнің берген тәрбиесінің арқасы.

Ауыл деген кіндік қанымыз тамған жер. Меніңше, ауылды еш нәрсеге айырбастауға болмайды, ауылдан көшетін адамдарға айтарым кіндігің қалған жеріңнен тым алшақ кетуге болмайды. Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді дейді ғой, сол секілді ауылды ұмытпай алғаш қалам ұстатқан ұстаздарды, туып өскен жерді ұмытпау керек. Мейлінше туып өскен жердің атына кір келтірмей, аялау керек. Өз атыңмен қоса туған ауылыңды мақтан тұта білу керек. Кейбір жандар ауылдан шыққанына ұялып, жасқанады бұл дұрыс емес. Аулым алтын –бесігім деп мен осындай жерден шыққанмын деп мақтана алатындай болу керек. Мен өз туған жеріммен мақтанамын. Мен осындай Атасудай ауылыммен мақтанамын. Мен үшін ауыл деген сөз жүрегімнің түкпіренен үлкен орын алады. Мен осы кең байтақ Қазақстанымда оның ішінде осы Атасудай ауылда өскеніммен мақтан етемін.

Акпарова Жамал


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз