Өлең, жыр, ақындар

Келешектің кепілі ҚазҰУ

Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атану әрбір бітіруші түлектің ең үлкен арман мақсаты екені анық. Әлемдік университеттермен бақталаса алатындай дәрежеге ие қара шаңырақтың 87 жылдық тарихы бар, сонау Әбіш Кекілбаев, Әзілхан Нұршайықов, Қадір Мырза әлі, Тұманбай Молдағалиев сынды өткір сөзді ақын жазушыларымыздың ізін жалғайтын болашақ ҚазҰУ – дың түлегі болу зор қуаныш.

Қазақ Ұлттық Университеті- республикадағы барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі және білікті мамандар мен білімді студенттердің ордасы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы. Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. 1934 жылы іргесі қаланған білім ордасы күннен-күнге әлемдік білім беру жүйесінде өзіндік орнын айқындап келеді. ҚазҰУ құрамында қазір 16 факультет, 98 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары университетте қызмет атқарады. Бұл факультетте журналистика мамандығын оқыту саласында көп жылдық тәжірибесі бар, жоғары кәсіби оқытушылар білім береді.

ҚазҰУ-нің қабырғасында, қазақ әдебиетінің майталмандары, ұлт зиялылары Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан сынды аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері студенттерге дәріс оқыған аудиторияларында қазір біз білім алып жатырмыз.

Көркіне көз тоймайтын, ҚазҰУ –нің қалашығында күнделікті жүрудің өзі бір ғанибет. Алматының ауасы тамаша,ҚазҰУ қалашығы үлкен, жатахандада бар жағдайымыз жасалған. Осылай жүріп,университетімізде қызықты студенттік шақтың куәсі боламыз деп сенеміз. Әлемдік деңгейдегі осындай университетте оқу біз үшін мақтаныш. Қорытындылай келе, еліміздегі жетекші орында тұрған білім ордасының келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті, баспа ісінің 

2 курс студенттері: Ануарбек Алуа, Авелбеков Диас, Айдархан Аружан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз