Өлең, жыр, ақындар

Қорқыт

Ұлы ойшыл, нұсқалы ақын, көріпкел, бақсы, аңыз кейіпкері Қорқыт баба IX ғасырда Сыр бойында өмір сүрген. Ол — дүние үнін қобыздың қыл ішегіне сыйғызған, күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы, күйші, сазгер. Қорқыт ата күйлерін тыңдағанда дүние күңіренгендей, кейде дала сөйлеп тұрғандай әсер аласың. Оның «Қорқыт», «Аққу», «Қорқыттың сарыны», «Желмая» және т.б. күйлері халық жадында мәңгі сақталған.
Көптеген бақсы, күйші, жыраулар Қорқытты пір тұтқан. Аты аңызға айналған Қорқыт баба өлімге қарсы күресуші, адамзат баласына өмір іздеген жан ретінде суреттеледі.

Сырдария өзенінің жағасында ерекше қобыз пішінді Қорқытқа арналған зәулім ескерткіш көтерілді. Бұл — атақты архитектор Бек Ыбыраевтың туындысы. Жел тұрғанда осы ескерткіштен уілдеген үн естіліп, күй төгіледі.

Оқуға кеңес береміз:

Қорқыт туралы аңыз

Желмая (І нұсқа)

Әуппай (І нұсқа)

Қорқыт ата кесенесі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер