Өлең, жыр, ақындар

Сауран

1723 жылы қазақ жасақтары күші басым жоңғарлардан шегініп бара жатыпты. Сүйікті қалалары Сауранды жауға бергісі келмей, қаланы үш рет айналыпты. Кейде қазақтар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дегенде, «Сауран айналғанды» қосып айтқан. Сауран сол уақыттарда Түркістан, Ташкент, Сығанақ, Жанкент және т.б. қалалармен қатар Қазақ хандығының сауда, шаруашылық, саяси-экономикалық және әскери орталығы болған. XVI ғасырда қазақ хандары қаланы сумен жабдықтау үшін кәріздер жүйесін қолданған. Кәріз дегеніміз — жер астындағы каналдар. Үндістаннан 500-дей құл әкеліп, бүкіл қаланың астынан кәріздер қаздырып, сумен қамтамасыз еткен.

Қазақ жылқысының асыл тұқымдарының бірі — сауран ат. Жылқының шығуы жөнінде қызық аңыз бар. Кіші жүз қазақтары Сауран маңынан көшіп бара жатады. Көшке құйрық-жалы төгілген, арқыраған есік пен төрдей бір айғыр келіп қосылады. Сауран арғымақтары осы айғырдан тараған екен.

«Ақтабан шұбырындыдан» кейін Сауран кішігірім қыстақ болып қалады. XVIII ғасырдың аяғында тұрғындар оны мүлдем тастап кетеді. Қазір Түркістан темір жолының бойында аспанмен таласқан алып қамал қабырғаларының қирандыларын кездестіруге болады. Ол — көне Сауран.

Оқуға кеңес береміз:

Суяб

Аспара

Ұлы Жібек жолының 5 ірі қаласы

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

Ұлы Жібек жолы: Шөлдегі құдықтарда қалайша әрдайым су болған?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз