Өлең, жыр, ақындар

Баласағұн

Қазақстандағы орта ғасырлардағы белгілі қалалардың бірі — Баласағұн қаласы. Жазба деректерде қала X ғасырдан бастап белгілі. Баласағұн Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған. Әл-Мақдиси оны «бай, үлкен қала» деп сипаттаған. 1974 жылдан ҚазМУ археологтары зерттеп жатқан Шу өңіріндегі Ақтөбе деп аталатын көне қала Баласағұнның орны деген пікір қалыптасты. Бұл қала VI - ХІІІ ғасырларда өмір сүрген. Қала патша сарайы орналасқан бекіністен, шахристаннан, рабаттан тұрады. Қала сырты 2-3 қатар қорғаныс қамалмен, ормен қоршалған. Шахристан бөлігіне жүргізілген қазба жұмыстары барысында Қарахан дәуірінің (X - XII ғғ.) 3 мыңнан астам мыс ақшалары, зергерлік бұйымдар, т.б. табылды. Ақсу өзенінен су тартылып, қыш кұбырлар арқылы қалаға жеткізіліп тұрғаны айқындалды. Орталық сарайдың шығысында әскерлер тұратын «Төрткүл» бекінісі орналасқан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз