Өлең, жыр, ақындар

Діни сауаттылық - қоғамның тұрақты дамуының кепілі

Қай қоғамды алып қарасақта білімнен ұзап, шарықтап кеткен ел жоқ. Қайсыбір қоғам шарықтап дамып жатса бәрі осы білім арқылы болып табылады. Жалпы  қазіргі қоғамдағы сауаттылық мәселесі, оның ішінде жастардың қазіргі қоғамда діни сауатты болуы қүрделі және өзекті мәселе болып табылады. Жастардың рухани санасын оятуда діннің рөлі өте зор. Бүгінгі қоғамдағы жат ағым, деструктивті топтар бұлардың барлығының қатарын көбейтіп, жалған ұранмен Таяу Шығысқа кеткен азамат және азаматшалардың саны да аз болмады. Бұлар қандай мақсатта кетті? Көбі білімсіздіктен кетті дейді, негізінен сауаттылықты екі деңгейде қарастырамыз яғни , діни сауатттылық бөлек және жалпы сауаттылық бөлек. Сирия асып кеткен қаншама қандастарымызды қолынан жетектеп ешкім алып кеткен жоқ. Олар өздері мал-дүниесін сатып, қолындағы қаражатпен, екі аяқтарымен өздері кетті. Ар жақта отырып, табанын терлетпей, бұлар санасын улады. Әрине әлеуметтік желі арқылы санасына кірді.  Сана сауатсызданған кезде жалпы қоғамның тұрақтылығының бұзылуына әкеледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны»- деп жазды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі азамат, сендер дін туралы білім алуға, тануға құқылысыңдар. Елбасымыздың алдыңғы қатарлы елдермен қатар тұруды міндеттеуі де заман талабынан туындап отыр. Сондықтан қоғам діни сауатты болса, қоғамның дамуына да ықпал етеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультетінің

3 курс студенті: Какибаева Мөлдір Тлеуғазықызы

Аға оқытушы: Мұқан Нұрзат

Практика жетекшісі: Елнұр Әскенұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз