Өлең, жыр, ақындар

Менің идеалымдағы Университет!

Қазіргі таңдағы білімділер заманындағы, ең білікті мамандар даярлап шығатын, ең үздік жоғары оқу орыны барма? Әрине бар. Ол Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Мектеп жолын тамамдап, үлкен өмірге қадам бастар жолында өз ортаңды өзің қалыптастыратыныңды ұмытпа. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін бұл университеттің 76-жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Біздің университеттің дипломы - ең озық халықаралық стандарттарға сай, ең заманауи технологияларды қолдана отырып оқытатын жоғары оқу орындарының жетекшісі, елдегі ең жақсы университеттің «визит картасы». Біздің университетті таңдау арқылы сіз біздің ірі корпорациямыздың бөлігі боласыз. Қазіргі кезде университетте 25000 студент көп деңгейлі жоғарғы кәсіби білім беру жүйесінде оқиды. Оларға 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылыми кандидаттары және философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 30-ға жуық Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 30 Мемлекеттік және жеке сыйлықтардың лауреаттары және 40 лауреаттар сабақ береді. Халықаралық  QS агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде 220 орын алады.  «Әлемдік университеттердің UI Green Metric Ranking» ғаламдық рейтингісінде ҚазҰУ 172 орынға ие болды және осылайша экологиялық таза университеттер арасындағы үздік 200 университеттің  ішіндегі орнын нығайтты. Осындай деңгейдегі оқу орыны менің идеалымдағы жоғарғы оқу орыны болып табылады. Тек есіңізде болсын, білім адамның ішінде пайда болмайтынын ұмытпаңыз, ол үшін адам көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, оны қорғап қалу керек сонда ғана қандай жоғарғы оқу орынында оқысаңызда, білімді болу өз қолыңызда!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультетінің

3 курс студенті: Какибаева Мөлдір Тлеуғазықызы

Аға оқытушы: Мұқан Нұрзат

Практика жетекшісі: Елнұр Әскенұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз