Өлең, жыр, ақындар

Bain

  • Ұпайы: 5659
  • Тіркелген уақыты: 29.03.2015 22:13
  • Соңғы кірген уақыты: 14.03.2019 19:18
  • Аты-жөні:
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 64

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар

Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.

Ілмектер: қатын, денсаулық

Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.

Ілмектер: жігіт, денсаулық

Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.

Ілмектер: денсаулық

Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

Ілмектер: өлім, өмір

Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.

Ілмектер: денсаулық

Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.

Ілмектер: тілек, өлім

Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.

Ілмектер: ауру, дау, жау

Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.

Ілмектер: көңіл, күлкі

Таздың тарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.

Ілмектер: денсаулық, алтын

Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.

Ілмектер: денсаулық

Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.

Ілмектер: денсаулық

Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Ілмектер: күлкі, көңіл

Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.

Ілмектер: уайым, денсаулық

Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.

Ілмектер: дана, дәрі, денсаулық

Ауру аяқ астында,
Арылу жиде басында.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Жаны ашымастың қасында
Басың ауырмасын.

Ілмектер: денсаулық

Күрек тісің сынса,
Күлкің бұзылады.

Ілмектер: күлкі, денсаулық

Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Қара көзден нұр тайса,
Айналаң қара түн болар.
Екі аяқтан әл кетсе
Қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: денсаулық

Пікірлер