Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (99) Өлеңдер (467) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (580) Әзіл, анекдоттар (4)

Адам екі өмірде де (дүние/ақырет) бақытты болуы үшін жаралған. Бұл дүниесі алынған адам болса да Мәңгілік Өмірде түбінде бақытты болуы үшін жаралған.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, дүние, ақырет, Өмір, бақыт, мәңгілік, жаратылыс Нарша Булгакбаев

Еш күйзеліссіз өмір сүру, иман мен ғылымға қол жеткізу арқылы, қайырлы өмір сүріп, өкінбей өлу – бұдан артық берекелі өмір бар ма?

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, күйзеліс, стресс, Өмір, иман, ғылым, қайыр, өкінбеймін, Береке Нарша Булгакбаев

Өмір сүру – бұл шығармашылық процесс.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, шығармашылық Нарша Булгакбаев

Біз ойлаған ойлар – өмір шындығына айналады. Сонымен, сіз көп жағдайда не туралы ойлайсыз? Әдетте проблемалар туралы ойлайсыз. Шынында да, көпшілігіміз таңертең төсектен тұрғанда ойлайтын бірінші нәрсе – біз сол күні шешуіміз керек барлық проблемалар және біздің сол үшін қанша уақыт жұмсап, не істеуіміз керектігі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ой, ойлау, Өмір, шындық, проблема, уақыт, іс Нарша Булгакбаев

Соғыста өлем-ау немесе жараланып, өмір бойы қор болып, кемтар болып қалам-ау деген ой онша күйзелтпейді. Өлетіндер өздерінің нашарлығынан, ебедейсіздігінен өліп жататын тәрізді.

Ілмектер: соғыс, өлім, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев

Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!

Ілмектер: адам, өмір, су, шелек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев

Өмір бойы əрқайсымыз белгілі бір білім мен тəжірибе жинақтаймыз жəне сол жинап тергеніміздің негізінде біз өзіміз жайлы, басқа адамдар жайлы, жалпы өмір туралы, Құдай туралы екі маңызды ұғымды – сенім мен түсінікті қалыптастырамыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, білім, тәжірибе, құдай, сенім, түсінік Нарша Булгакбаев

Өмір заңдылықтары өз суларын бейбіт түрде ағызып жатқан өзен сияқты жəне сіз бақытты немесе бақытсызсыз ба, жақсы немесе жаман адамсыз ба, сәтті немесе сәтсіз екеніңізге мүлдем бей-жай, бейқам, қарамайды. Ол жай ағып жатыр. Біреу бұл өзенге қайғыру, мұңаю үшін келеді, біреу бұл өзенге қуану, шаттану үшін келеді, бірақ табиғат заңдылықтары бізге мəн бермейді. Біз оның салқын суына қуана шомыла аламыз немесе жартастан құлап, батып та кете аламыз. Өзен əрдайым ағып жатады, өйткені ол бейтарап, ешкімді алаламайды, риясыз. Дегенмен өмір заңдылықтары бізді қолдай да, жоя да алады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Заң, бейбіт, Өзен, бақыт, жақсы жаман, Сәттілік, табиғат Нарша Булгакбаев

Егер сіз қайырсыз, берекесіз ойласаңыз жəне өмір заңдылықтарына бағынбасаңыз, онда сіз күндеріңіздің соңына дейін барыңызға қанағат етуге тура келеді. Сіз ендеше дүниенің көп пайдасын, бағын, қызығын көргендерді қызғанудан, оларға қызығудан басқа амалыңыз жоқ.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, қайырсыз, Береке, ойлау, Өмір, Заң, қанағат, дүние, пайда, қызық, қызғаныш Нарша Булгакбаев

Біз өмірден (ортадан) тек ақылмен қабылдай алатын ақпаратты ғана ала аламыз. Бір адам дүние (өмір) өзенінен ризық-нығметтерді (байлық, танымалдылық, атақ, мүлік, билік) шай қасықпен, ал екіншісі кесемен алады. Үшіншісі шелекпен, ал ең ақылдысы бөшкемен алады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қоршаған орта, ақыл, ақпарат, дүние, Өзен, ризық, нығмет, байлық, атақ, мүлік, билік, шай, қасық, Кесе, шелек, бөшке Нарша Булгакбаев

Өзімізді бір орында ұстап тұрған жалғыз адам – өзіміз ғана. Өз арман-мақсаттарымыздың бетін қайтарып жатқан өзіміз ғана. Өз бағымызды байлап жатқан, сананы шектеп жатқан, өзімізден жасанды мүгедек жасап жатқан өзіміз ғана. Екі өмірде де бақытты болуға кедергі – өзіміз ғана.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, арман, мақсат, Бақ, сана, мүгедек, Өмір Нарша Булгакбаев

Біз қателесеміз және қатені мойындаудың орнына өмір бойы өзімізді ақтаймыз. Біз басқаларды, ортаны, өз жағдайымызды кінәлаймыз, оның орнына біз неге былай айтпаймыз: «Мен өз өмірімді өзім басқарып келдім. Менің миымдағы ойларды басқаратын жалғыз менмін және дәл қазір менің кім екенім, қандай екенім – менің өзіме өзім жасағаным».

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, қателік, мойындау, Ақталу, Өмір, қоршаған орта, жағдай, ми, ой, мен Нарша Булгакбаев

Ақиқатты түсінген сәттен бастап біз осы өмірдің түрмесінен, құлдығынан арыламыз және өз өмірімізді өз еркімізге қайтарып, бақытты болуға лайықты өмір сүре аламыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақиқат, түсінбеушілік, Өмір, түрме, құлдық, бақыт Нарша Булгакбаев

Нәтежие белгілі бір амал-әрекеттің нүктесі. Бірақ егер біз өз болмысымыздың мінсіз екенін түсінсек, нәтиже біз үшін әдетте сөйлемнің соңында қойылатын нүкте емес, көп нүкте болады. Сонда адам өз болмысының – мәңгілік, жойылмайтындай етіп жаратылғанын сезінеді.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, нәтиже, амал, іс-әрекет, Нүкте, болмыс, мінсіздік, сөйлем, Өмір, мәңгілік, жаратқан, сезім, сезіну Нарша Булгакбаев

Жаратылыс заңдылығы бойынша адам өмірі болмыстан нәтежиеге, яғни бір нәрсе істеу, сосын бір нәрсеге қол жеткізуге дейін жалғасады. Болмыс деген сөзді басқаша адамның қазіргі шынайы ішкі жағдайы деп атайын.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жаратылыс, заңды білу, адам, Өмір, болмыс, нәтиже, жағдай Нарша Булгакбаев

Болу – бұл ішкі өмірлік тәжірибе, ол сіздің ішкі жағдайыңыз. Сіз сыртқы жағдайларға сіздің болмысыңызды анықтауға мүмкіндік бере аласыз, бірақ сіз нақты қауіпке тап боласыз, себебі сізді қоршаған сыртқы жағдайлар, сіздің өміріңізді басқарады және сіздің өзіңізді қалай сезінетініңіз де сыртқы факторларға байланысты.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болу, ішкі дүние, өмірлік тәжірибе, жағдай, сырт, болмыс, қауіпті, қоршаған орта, Өмір, басқару, сезіну, фактор Нарша Булгакбаев

Сіз өз мақсатыңызды жүзеге асыруды үйрену үшін осы дүниеге келдіңіз. Әр адам бұл өмірге босқа келмейді, жоғарыдан миссия жүктеледі, бірақ өкінішке орай көп адам сол миссиясын орындай алмай, жүзеге асыра алмай, өліп кетіп жатады. Сондықтан сізден біреу бұл өмірге не үшін келдің деп сұраса, өз мақсатымды жүзеге асыруды үйрену үшін деп жауап беріңіз!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, мақсат, адам, Өмір, өкініш Нарша Булгакбаев

Бәрі бақытты болу туралы айтады бірақ оның мәнісін азы ғана түсінеді, себебі ол абстрактілі ұғым. Сіз өмірден кішкене ғана мағына тапсаңыз, ол сізді терең мағынаны іздеуге итермелейді. Бұл іздеу ешқашан нәтижесіз болмайды: ол сізді мазалайтын сұрақтарға толығырақ жауап беруге, тереңірек және мағыналы өмірге жетелейді.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, Өмір, мағына, терең, іздеу, нәтиже, сұрақ-жауап, мазалау Нарша Булгакбаев

Біздің жүрегіміздің қалауы, ешкімнің соңына дейін түсінбейтін жұмбақ жолдармен қозғалады және ерте ме, кеш пе шынайы өмірде көрініс табады. Сондықтан біз сақтық танытып, не нәрсеге ұмтылып жатқанымызды түсінуіміз керек. Өз қалауларымызға абай болайық, өйткені бізге оларды толықтай жүзеге асыра алатын таңдау еркі берілген!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жүрек, қалау, жұмбақ, жол, Өмір, сақтық, ұмтылыс, түсіну, қалау, еркіндік Нарша Булгакбаев

Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар, күнәлар мен қателіктер не үшін болады? Өйткені біз оларды надандық пен білместіктің салдарынан өз еркімізбен сұрап не тілеп аламыз. Ешкім күнәға әдейі бармайды, ол тек шарасыздық пен ішкі күйзелістен. Кейде мұны түсіну өте қиын болуы мүмкін, бірақ бұл рас. Дұға-тілек, терең ішкі қалау – бұл көпшілігіміз ойлағаннан да әлдеқайда күшті күш. Біз бір нәрсені қатты қалаймыз, және біздің қалауымыздың қарқындылығы оның жүзеге асырылуын тездетеді. Сондықтан бар бәле де бақ та ниет пен қалаудан басталады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қиындық, күнә, қателік, сұрау, түсінбеушілік, Дұға, тілек, қалау, күш, ниет, бәле, Бақ Нарша Булгакбаев