Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (27)

Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.

Ілмектер: қанағат, адал, еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

Ілмектер: бақыт, қанағат Аристотель

Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.

Ілмектер: білім, қазына, қанағат Мұзафар Әлімбаев

Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.

Ілмектер: қанағат, табиғат Мұхтар Әуезов

Артық тамақ шашты ағартып қинайды,
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.

Ілмектер: тамақ, қанағат, ғұмыр Уильям Шекспир

Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу — ой мешеулігі.

Ілмектер: қанағат, ой Ғабиден Мұстафин

Не пайда күш жоқ болса, нарлығыңнан,
Пайда жоқ, кең болмасаң, тарлығыңнан.
Көрінбеген нәрсені аламын деп,
Айырылма қолыңдағы барлығыңнан.

Ілмектер: Пайда, қанағат Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.

Ілмектер: қанағат, жамандау Асан қайғы

Қолдағыға қанағат - шүкір қылмасаң,
Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.

Ілмектер: қанағат, нақыл, афоризм Сүйінбай Аронұлы

Мазасыздық пен қанағаттанбаушылық — дамудың алғашқы шарты.

Ілмектер: Мазасыздық, қанағаттанбаушылық, қанағат, даму, шарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Эдисон

Шалағай көзқарасты қанағат тұтпа.

Ілмектер: көзқарас, қанағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс.

Ілмектер: Денсаулық, жеңiс, қанағат, байлық, сенiм, туыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім.

Ілмектер: сарай, афоризм, үй, қанағат Жиренше шешен

Егер сіз қайырсыз, берекесіз ойласаңыз жəне өмір заңдылықтарына бағынбасаңыз, онда сіз күндеріңіздің соңына дейін барыңызға қанағат етуге тура келеді. Сіз ендеше дүниенің көп пайдасын, бағын, қызығын көргендерді қызғанудан, оларға қызығудан басқа амалыңыз жоқ.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, қайырсыз, Береке, ойлау, Өмір, Заң, қанағат, дүние, пайда, қызық, қызғаныш Нарша Булгакбаев

Әлемді түгел білсе де,
Қызығын қолмен белсе де,
Қызықты күн қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де —
Өмірге тоймас адамзат!

Ілмектер: өмір, адам, әлем, қызық, қанағат Бұқар жырау

Байлық — қанағат пен еңбекте.

Ілмектер: байлық, қанағат, еңбек Ыбырай Алтынсарин

Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң — көптен құр қаласың.

Ілмектер: жұмыс, қанағат Ыбырай Алтынсарин

Жалпы тізгінді шамадан тыс жанға не тәнге беруге болмайды. Бұл екеуі бірігіп нәпсіні құрайды. Өз қажеттіліктеріңізді ғана қанағаттандыру бұл ақиқатқа бастайтын жол емес.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, тізгін, жан, тән, нәпсі, қажеттілік, қанағат, ақиқат Нарша Булгакбаев

Қанағат қуанышыңды көбейтіп қана қоймайды, алар рахатыңды да мол етеді.

Ілмектер: қанағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қуаныш, рахат Демокрит

Иманды адам қанағатшыл келер,
Дөрекі надан балағатшыл келер.

Ілмектер: иман, қанағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, надан Сайын Назарбекұлы