Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (64) Мақал-мәтелдер (102) Ұлағатты сөздер (113)

Сократтың өлімінде естен танып, өзіне-өзі қол салудың бір белгілері бар.

Ілмектер: Сократ, өлім Жиль Делез

Адамдар арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Айырмашылық бар деп санайтын адам өлерінде өкінеді. Біз бәріміз қайдан келгенімізді көрмедік, бәріміз не үшін бар екенімізді білмейміз және бәріміз өлгеннен кейін не болатынына куә болған жоқпыз. Осы тұста бәріміз бірдейміз.

Ілмектер: Айырмашылық, адам, өлім, өкініш Narsha Bulgakbaev

Əр оқиға — бір өлім.

Ілмектер: оқиға, өлім Жиль Делез

Мен үшін өмір де — бір, өлім де — бір,
Өлгенде ойнап тұрар көгімде нұр!

Ілмектер: өмір, өлім Жарылқасын Аманұлы

Өзі тапқан жəне өзі қайта көміп тастаған тұңғиыққа қайта оралу — міне, Ницшенің мүлдем өзінше өлген жері осы!

Ілмектер: өлім Жиль Делез

Тіпті өмір сүру қауіпті, одан өліп қалуың мүмкін.

Ілмектер: өмір, өмір сүру, қауіп, өлім Станислав Ежи Лец

Өлім Құдайдан емес, надандықтан. Амал (іс-әрекет) мен дұға (намаз) болса, емделмейтін ауру, көлденең кесел жоқ. Сондықтан адам өлімі үшін Алланы кінәлау толығымен ақылға сыймайтын жала. Бірақ надандықтан адамды толық шығару мүмкін емес. Себебі адамзат надандықтытан шығу дегеніміз "БӘРІН БІЛУ" деп ойлайды, негізінде ол Аллаға ғана тән, біз үшін надандықтан шығу "АҚИҚАТЫН" (ұзақ өмір сүруге қатысты, сақтануға қатысты Жаратушы Заңдары мен Ғылымын игеру, меңгеру) тану.

Ілмектер: өлім, Құдай, надандық, амал, әрекет, іс-әрекет, дұға, намаз, ауру, кесел, Алла, кінә, ақыл, жала, адамзат, ақиқатын, салауатты өмiр, ұзақ өмір, сақтану, Жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

Ілмектер: өлім, жұрт, ел Ахмет Байтұрсынұлы

Арман-мақсаты серьезно четкий адам, оған ЖЕТПЕЙ ӨЛМЕЙДІ. Себебі жетістіктің кайфы оған өлім туралы ойлатқызбайды.

Ілмектер: өлім, жетістік, арман, мақсат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Есейген шақта қоршаған орта (ата-ана, мұғалім, дос... ) сенің тағдырыңды қалыптастыратын болса, сен тәуелдісің, Құлдық Санамен ойлайсың. Кіндікті әке-шешеңнен барынша ертерек кескен дұрыс деп ойлаймын, өлмейсің, өмірді ерте түсінесің.

Ілмектер: қоршаған орта, ата-ана, әке-шеше, Мұғалім, дос, тағдыр, тәуелділік, Құлдық Сана, кіндік, өлім, өмір, дүние, махаббат, құрбандық, жанашырлық, ақша, байлық Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Өмірлік мақсаттардың басым бөлігіне тек бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Ілмектер: өлім, мақсат, жұмыс, қол жеткізу Альфред Адлер