Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (177) Өлеңдер (12) Жоспарлар (2) Ұлағатты сөздер (79)

Күншіл — қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.

Ілмектер: Күншіл, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, қылмыс Бауыржан Момышұлы

Моральдық сенімдер басқаға өнеге. Адамгершілік сенімдер тек оң нәтиже шығарады. Сондықтан мораль қоғамдық мүддеге айналуы тиіс.

Ілмектер: мораль, сенім, өнеге, адамгершілік, нәтиже, қоғам, туралы Нарша Булгакбаев

Ең биік мақсат — өз-өзіңді дұрыстап тәрбиелеп, қоғамға пайдалы адам қылып шығару.

Ілмектер: мақсат, тәрбие, қоғам, адам, туралы Нарша Булгакбаев

Жеке адамды бүкіл қоғамға қарсы қоятын өзіңмен-өзің болу еркіндігі — өте қатерлі еркіндік.

Ілмектер: қоғам, еркіндік, қатер Жан Бодрийяр

Суреткер мен қоғам арасындағы қарым-қатынас жайлы болса — суреткер жылдам күш-қуатынан айрылады.

Ілмектер: суреткер, қоғам, қарым-қатынас, күш, қуат Роберт Вальзер

Диктаторлар, негізінен қоғамның ең төменгі сатысында тұрғандар арасынан шығатындықтан, халыққа не қажет екенін жақсы біледі. Олардың өздерінің тілегін орындағандары халықтық да тілегін орындағандық болып шығады... Жұрт өзіне жағынғанды, кейде əкелік қамқорлық жасап, кейде қаталдық танытқанды ұнатады. Осы арқылы оларды соғысқа да іш тартатын етуге болады.

Ілмектер: Диктатор, қоғам, саты, халық, тілек, жұрт, қамқорлық, соғыс Роберт Вальзер

Қоғам — жеке адамдардың орнын күш қана толтыратын əлсіздікке негізделген.

Ілмектер: қоғам, адам, әлсіздік Жорж Батай

Ғалымдарын көкке көтермеген қоғам, білінбей құриды.

Ілмектер: Ғалым, ғылым, қоғам Narsha Bulgakbaev

Ең биік мақсат – өзіңді дұрыс тәрбиелеп, қоғамға қажет, пайдалы адам қылып шығару.

Ілмектер: Мақсат, тәрбие, қоғам, пайдалы, адам, қажет Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Қанды кек (вендетта) — қоғам заңды деп тапқан жаза. Бірақ оны қолдану машақаты — жеке адамдардың өз еркіне қалдырылған.

Ілмектер: Қанды кек, вендетта, қоғам, заң, жаза, машақат Эмиль Дюркгейм

Анархия — пайдасыз құбылыс, өйткені ол кез келген қоғамның тіршілік мүддесіне қарама-қайшы келеді.

Ілмектер: анархия, қоғам, тіршілік, мүде Эмиль Дюркгейм

Қоғамдық пікір айыптауынан да қатал айыпталатын əрекеттер бар.

Ілмектер: қоғам, пікір Эмиль Дюркгейм

Кез-келген жеке тұлға, қандай күшті болса да, жалғыз өзі бүкіл қоғамға қарсы ештеңе істей алмайды.

Ілмектер: қоғам, тұлға Эмиль Дюркгейм

Қоғам бар жердің бəрінде ынтымақтасу болатындықтан, қайырымдылық та болады.

Ілмектер: қоғам, ынтымақ, қайырымдылық Эмиль Дюркгейм

Адамгершілік — ең қажет минимум жəне аса қатал қажеттілік, ол — онсыз қоғам өмір сүре алмайтын күнбе-күнгі нанымыз сияқты.

Ілмектер: адамгершілік, қажеттілік, қоғам, өмір, наным Эмиль Дюркгейм

Қоғам неғұрлым қарапайым болса — оны құрайтын индивидтердің арасындағы ұқсастық та соншалықты көп болмақ.

Ілмектер: қоғам, индивид, ұқсастық Эмиль Дюркгейм

Тегі, қоғамдағы кеселдер таза күйіндегіден гөрі, оған іш тартушылар көмегімен əлдеқайда көбейіп кетеді.

Ілмектер: қоғам, кесел Альфред Адлер

Біздің барлық қоғамдық институттарымыз, салт-дəстүрлеріміз бен заңдарымыз, біздің мораліміз,бізді жалпы жол-жоралғыларымыз
— оларды еркектердің үстемдік құруы үшін еркектердің өздері ойлап тауып, қолдап-қорғап келе жатқандығының ашық дəлелі.

Ілмектер: қоғам, салт-дəстүр, заң, мораль Альфред Адлер

Қоғамда қашқындарға орын жоқ.

Ілмектер: қоғам, қашқын Альфред Адлер