Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Сөз, өсиет — мұра өліден тіріге,
Мирас тұтса — пайда өзіне, діліне!

Ілмектер: Сөз, өсиет, мирас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пайда, мұра Жүсіп Баласағұни

Тілді күтіп бақсаң — аман басың да,
Сөзді қысқа қылсаң — ұзақ жасың да!

Ілмектер: тіл, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,
Сөз қалады, таяқ табы кетеді.

Ілмектер: сөз, таяқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сөз сөйлеген жаңылар һәм адасар,
Есті естісе — түзеп-оңдап, қарасар.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, есті Жүсіп Баласағұни

Қара жерге жасыл көктен келді сөз,
Сөзбен адам ұлы болды, енді сез!

Ілмектер: адам, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Тек шындыққа сөз бөбегін бөлесін,
Сол кезде оның пайдасын да көресің...

Ілмектер: шындық, сөз, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!

Ілмектер: сөз, тіл, тіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Кісі көркі — сөз, бұл сөздің түрі көп,
Ізгі сөзді ерді мақта — тілі өрт!

Ілмектер: көрік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз, тіл Жүсіп Баласағұни

Шайырлар бар сөзден кесте төгуші,
Кісілерді мақтап, даттап-сөгуші.

Ілмектер: мақтау, даттау, шайыр, сөз, кесте, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сәулелі сөз күндей шыққан шығыстан,
Шаштан нәзік, өткір алмас қылыштан.

Ілмектер: шаш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз, өткір, алмас, қылыш Жүсіп Баласағұни

Ұққың келсе нәзік, ұшқыр сөздерін,
Естіген әр сөздің тінін көздегін.

Ілмектер: сөз, нәзік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сөзі сылдыр, ойы бұлдыр, қолды-аяққа тұрмайды құрғыр.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,
Құлақты қырға түріп жүрген кезім.

Ілмектер: ел, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сыр, жыр, құлақ Ілияс Жансүгіров

Жадағай адамның аузынан шыққан жақсы сөздің өзі құнға тұрмайды.

Ілмектер: адам, сөз, құн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Сөз тілінде өтірік айтушы адам — онысын, оған өзі мəн бермесе де, ишарат тілінде де сездіріп қояды.

Ілмектер: сөз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өтірік Освальд Шпенглер

«Тыныштық» деген сөздің өзі шу шығарады.

Ілмектер: тыныштық, сөз, шу Жорж Батай

Асқақ сөздер теріс көзқарасқа оң мағына береді: сөйтіп нағыз бос қуыс жарқылдық құндылықтар сыртында көлегейленіп қалады.

Ілмектер: сөз, көзқарас, құндылық Жорж Батай

Біз өзіміздің сөзге сыймай қалатын бөлшегімізді ұстап қалуды ойлаймыз, бірақ тек өзімізге ғана қолымыз жетеді.

Ілмектер: сөз, қол Жорж Батай

Енді поэзия туралы былай дей аламын: ол — өзімізді өзіміз сөздің құрбандығына шалатын құрбандық.

Ілмектер: поэзия, құрбандық, сөз Жорж Батай

Көрмеу үшін кіріп алатын құм төбешігіміз бос сөзден қаланған.

Ілмектер: сөз Жорж Батай